Апта күндері

Апта күндері

Аптада бар жеті күн
Дүйсенбі мен сейсенбі
Сәрсенбі мен бейсенбі
Жұма, сенбі, жексембі.

 

Дүйсенбіде он шақты
Тіздім қызыл моншақты
Сейсенбіде үй ойнап
Қонақ қылдым қуыршақты

 

Сәрсенбінің сәтінде
Сурет салдым сәкіде
Бейсенбі күн биледім
«Қара жорға» үйрендім

 

Қошақанға жұмада
Жем-шөп салдым қорада
Сенбі күні ертегі
Айтты әжем әр түрлі

 

Жексенбі күн қалада
Көмектестім анама.
Кешке жақын тақпақты
Алтын әкем жаттатты

 

Өте шықты бір апта
Дүйсенбі мен сейсенбі
Сәрсенбі мен бейсенбі
Жұма, сенбі, жексембі.

Басқа бейне