Еркем-ай

Еркем-ай

Еркем еркем еркем ай
Есеп шығарған оңай
Зейін қойып ойлансаң
Ой-өрісің болар зор

 

Шашу шашу шашайық
Сегіз теріп алайық
Он данаға жетпейді
Қанша дана табайық?

 

Қонақтарды күтеміз
Төрт екен бар, көрпеміз
Бес кісіге жетпейді
Қанша тағы төсейміз?

 

Сәкен, Еркін, Темірбек
Алды бір-бірден шелпек
Барлығы жетеу болса
Қанша балаға жетпек?

 

Әжем сарқыт әкелді
Ағама төртеу берді
Ал бесеуі менікі
Қанша кәмпит желінді?

 

Кешке малды суардық
Су құдықтан тасыдық
Бес шелекке мал тоймас
Жеті болуын ойлас

Басқа бейне