Суретші

Суретші

Сиқырлы қылқаламым
Мен суретші боламын

 

Алдым қара қарындаш
Салдым әсем қарлығаш
Тұяқтарын ұзынша
Салдым қоңыр құлыншақ

 

Қайырмасы:
Қылқаламмен былай
Сурет салу оңай
Ботақанды салайық
Кәне балақай

 

Көк бояуды жағамын
Кемпірқосақ саламын

 

Алдым жасыл қарындаш
Салдым ұзын көп ағаш
Орман болды жайқалған
Шымшықтары сайраған

 

Қайырмасы:
Қылқаламмен былай
Сурет салу оңай
Қонжықтарды салайық
Кәне балақай

 

Ақ бояумен бірінші
кимешекті саламын

 

Күміс белбеу тағынған
Салдым асыл апамды,
Ұзын қамшы ұстаған, 
Салдым қайсар атамды.

 

Қайырмасы:
Қылқаламмен былай
Сурет салу оңай
Киіз үйді салайық
Кәне балақай

Басқа бейне