Шырша әні

Шырша әні

Орманда өсті бір шырша
Орманда жайқала
Қысы-жазы бұл шырша
Жап-жасыл тамаша!

 

Ән салды оны еркелете:
«Ұйықта» деп жел есе
Боран көміп ақ қарға
Деп: «Байқа, тоңып қалма!»

 

Айналсоқтап секең-секең
Қорқақ қоян оны
Ашулы өтті аш Қасекең
Көлденең қиып жолды.

 

Айт шу! Ат –шана келед сықырлап
Қар жатты қытырлақ.
Шашасы қарда желкілдеп
Ат желді желпілдеп.

 

Отын толы ат-шана
Үстінде бір аға.
Шыршамызды жай ғана
Шапты дәл түбінен

 

Ортамызда сол шырша
Қандай тамаша!
Шаттық –күйге бөленді
Бала-шаға барша.

 

Орманда өсті бір шырша
Орманда жайқала
Қысы-жазы бұл шырша
Жап-жасыл тамаша!

Басқа бейне