Көгөністер әні

Көгөністер әні

Ля -ля –ля- ля
Ля -ля –ля- ля
Ля -ля –ля- ля
Ля -ля –ля- ля
 

Ақпыз, қызыл, сарымыз
«Көгөністер» әніміз
Дастарханның сәніміз
Көкөніспіз бәріміз

 

Картоп:
Үсті-басым толған көз
Күлімгештеу күлімкөз
Күле берем суықта
Картоппын мен, ұмытпа

 

Қызанақ:
Менің атым қызанақ
Гүл емеспін қызғалдақ
Достарым көп домалақ
Қауын-қарбыз, асқабақ

 

Қырыққабат:
Ыстық күнде жатамын,
Суыққа да шыдаймын.
Жапырақты үстіме
Қабат-қабат киемін.

 

Қарбыз:
Ала доппын жап-жасыл
Ішім тәтті қып-қызыл
Басым үлкен домалақ
Қабығым жолақ-жолақ

 

Сәбіз:
Қояндардан қорқамын
Жасырынып жатамын
Жер астында төсегім
Сары болып өсемін

 

Ля -ля –ля- ля
Ля -ля –ля- ля
Ля -ля –ля- ля
Ля -ля –ля- ля

 

Ақпыз, қызыл, сарымыз
«Көгөністер» әніміз
Дастарханның сәніміз
Көкөніспіз бәріміз

Басқа бейне