Түстер

Түстер

Ақ мамықтай қар аппақ
Апамның құрты әппақ!
Сүттен жасалған қаймақ,
Оның да түсі аппақ!

 

Аспандағы күн сары,
Бақшадағы гүл сары!
Тауықтың балапаны,
Оның да түсі сары!

 

Даладағы қызыл гүл,
Таң шапағы қызыл нұр
Ағашта піскен алма,
Оның да түсі қызыл!

 

Қорбиған аю қоңыр,
Томпиған қозы қоңыр!
Көлде қаз(ы) жүзіп жүр,
Оның да түсі қоңыр!

 

Көк қанатты көбелек
Көк туымдай желбіреп
Дананың бар бантигі
Оның түсі көкпеңбек!

 

Гүлден балды жинайтын,
Жолағы бар арада.
Ауылдағы қазанның,
Оның да түсі қара!

 

Бақшадағы лала гүл,
Қанық түсі бар күлгін.
Аланның жүк көлігі,
Оның да түсі күлгін!

 

Түйе жейтін шөп жантақ,
Шөл далада жап-жасыл,
Ағаштағы жапырақ,
Оның да түсі жасыл!

 

Қызыл, сары, жасыл, көк
Түрлі-түсті түстер көп

Басқа бейне