Жүргізуші

Жүргізуші

Құйындатып келем мен
Астым қанша белеңнен.
Ұшқан құспен жарыса
Ұзап кеттім алысқа

 

Асқар шыңнан асамын
Газды аяқпен басамын...

 

Оңға –солға бұрамын
Қаңбақтарды қуамын.
Мотор үні дүр-дүр
Жолбарыстай гүр-гүр

 

Дөңгелегім зыр-зыр
Күннің көзі нұр-нұр
Бозторғайлар шиық-шиық
Бипілдетем бип-бип

 

Жүргізуші баламын
Таудай менің талабым
Ата-әжемді сағынып
Мен ауылға барамын!

 

Асқар шыңнан асамын
Газды аяқпен басамын...

 

Оңға –солға бұрамын
Қаңбақтарды қуамын.
Мотор үні дүр-дүр
Жолбарыстай гүр-гүр

 

Дөңгелегім зыр-зыр
Күннің көзі нұр-нұр
Бозторғайлар шиық-шиық
Бипілдетем бип-бип

Басқа бейне