Күз сыйы

Молдакулова Молдир Аршабаевна
Молдакулова Молдир Аршабаевна
Шымкент қаласы
Шымкент қаласы
Ясли-сад № 68 "Балауса"
Сурет салу
Жас тобы:
Ортаңғы топ
Білім беру саласы:
Күз сыйы
ҰОҚ тақырыбы:

Күз сыйы

11.03.2021
816
ҰОҚ мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. -Балаларға күзде пісетін көкөністер мен жемістерді ажыратуға үйрету. -Күзгі табиғатты сүйе білуге,жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.  
Сөздік жұмыс: Күз-осень,көкөніс-овощи,жеміс-фрукты.
Рефлексия
Әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,бастырма әдісі.
Құрал-жабдықтар: Топ ішін күз мезгіліне сай безендіру,гуащь бояуы,картоп таңбалары,сәбіз таңбасы,мақта оралған таяқшалар,орамжапырақ таңбасы,гүл
АКТ ресурсының атауы: проектор
Пәнаралық байланыс: коммуникация
Алдын-ала жұмыс: -Бауда ма,бақшада ма? (Дидактикалық ойын) -Суреттерді құрастыру. -Күз туралы тақпақтар. -Дәстүрден тыс бастырма әдісі арқылы сурет салу.  

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
ҰОҚ кіріспе бөлімі

(3)

Елімізге келіпті ғой алтын күз,

Жомарттығын бақыладық бәріміз.

Кім табады,кім табады,

Қандай екен алтын күз.

ҰОҚ негізгі бөлімі

(20)

«Күз»туралы өлең.

Сұрақ-жауап: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі әдемі ме?

-Күз мезгілі сендерге ұнайды ма?

-Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?

Балалар мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырайын.Мұқият тыңдап,жауабын ойланып табыңдар.

Әрі қызыл,әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. (Алма)

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні. (Сәбіз)

Аласа ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қырыққабат)

Көк лағым көгенде жатып семірген. (Қарбыз)

Аласа тауда алуан алма,

Ал қызыл болмай аузыңа салма. (Қызанақ)

Жарайсыңдар балалар жұмбақты жақсы шештіңдер. Ойын: «Бауда ма,бақшада ма?» Жарайсыңдар балақайдар!Балалар күз мезгілінде бау бақшадағы барлық жемістер мен көкөністеріміз піседі.Міне бұл бізге Күздің берген сыйы.Біз бұларды қысқы азық ретінде себетке жинап қойдық. Қараңдаршы балалар қолдарыңа әдемі әдемі жең киіп алыпсыңдар,олардың түстеріде әртүрлі екен.Амир сенің қолыңдағы жеңнің түсі қандай? -Сары түсті жең. Балсезім сенің қолыңдағы жеңнің түсі қандай? -Қызыл түсті жең. Олай болса өз қолдарыңдағы түске сәйкес өз орындарыңды таба қойыңдар. Балалар бүгін біз АҰОҚ дәстүрден тыс технологияның әдісімен сурет саламыз. 1. Мына алдарыңда тұрған картоп таңбаларынан алмалардың пішінін бастырамыз. 2.Мына алдарыңда тұрған орамжапырақтан жасалған таңбадан орамжапырақтың пішінін бастырамыз. 3.Мына алдарыңда тұрған дайын табиғи гүлден қызыл гүлдің суретін бастырамыз. 4.Сәбізді бастыру арқылы сәбіздің пішінін бастырып саламыз. 5.Бүктелген қағаздағы қиярдың пішінін губкамен саламыз. 6.Таяқшаға оралған мақтадан алманы бастырып саламыз. Сергіту сәті. Оң саусағым шаршады, Сол саусағым шаршады. Саусақтарым бірігіп. Билеп,билеп алады.  

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=468029421016574&id=100034285604968
ҰОҚ қорытындысы

(4)

Балалар бүгін сендер дәстүрден тыс бастырма әдісін қолдана отырып көкөністер мен жемістердің және күзгі гүлдердің суретін салдыңдар. Балалар өздерінің жасаған жұмыстарын түсіндіріп,қорытындылады. Сендерге алғыс ретінде қолдарыңа көңілді смайликті жапсырамын. Жарайсыңдар!   https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=468029421016574&id=100034285604968
Күтілетін нәтижелер:

(1)

көкөністер мен жемістерді ажырата алады,күз мезгілінің ерекшеліктерін меңгерді https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=468029421016574&id=100034285604968

Файлдар:

Файлды ашу Сурет