Жайлаудағы қошақандар

Кудайбергенова Гулнур Сериковна
Кудайбергенова Гулнур Сериковна
Шымкент
Шымкент
ГККП «Ясли-сад №106 «Ердәулет»
Сөйлеуді дамыту
Жас тобы:
Кіші топ
Білім беру саласы:
Табиғат әлемі
ҰОҚ тақырыбы:

Жайлаудағы қошақандар

11.03.2021
756
ҰОҚ мақсаты: Балаларға көктем мезгілінің ерекшелігін айта келе,көктем мезгілінде,үй жануарларының төлдерін түсіндіру.Ойын арқылы балалардың танымдық білімін жетілдіру,қой төлі қошақан бейнесін,қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуге қалыптастыру,балалардың саусақ қимылдарын дамыта отырып ұқыпты жапсыруға үйрету,қызығушылықтарын арттыру.
Сөздік жұмыс: Шопан ата,қой, қозы төлдер үй жануарлары.
Рефлексия

Балалардан қойдың жүні қандай екенін сұрайды.

Балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады,оларды мақтап оқу қызметін ояқтау.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сұрақ-жауап,кқрсету,қорытындылау
Құрал-жабдықтар:  "Жайлаудағы төлдер"сурет  Желім, мақта.
АКТ ресурсының атауы: Ұйымдастырылған оқу қызметі
Пәнаралық байланыс:  Сөйлеуді дамыту,Жапсыру
Алдын-ала жұмыс: Бейнефильмдер қарау,Жайлаудағы төлдер суретімен таныстыру.

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
ҰОҚ кіріспе бөлімі

Шаттық шеңбері.

Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Сәлеметсіздерме апайлар қош келдіңіздер.

Жарайсыңдар балалар.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілі

Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Балалар:Жылы 

болады және жаңбырлы құстар жылы жақтан ұшып келеді.

Жарайсыңдар балалар.


ҰОҚ негізгі бөлімі

Балалардың назарын жайлаудағы көрініске аударады.

Балалар мынау жайлаудың суреті.Жайлауда малдар жайылып жүр.

Мыналар қандай жануарлар?

Балалар:Үй жануарлары.

-енді бүгін үй жануарларының төлдерімен танысамыз.

Үй жануарларының балаларын яғни жылқы,сиыр,қой,ешкі,түйенің балаларын-төлдер дейміз.

Жалпы бұлардың атауларын төрт түлік малдар дейміз.

Суретпен жұмыс:

Олар қалай дыбыстайды

Балалар бұлардың бәрі үй жануарлары.

Ит үй жануарларына жатады.Өйткені ол адамның досы.

Ғажайып сәт:

Музыкалық әуенмен топқа "Шопан ата"кіреді.

-Ассалаумағалейкум,

Амансыңдарма балалар.Қой атасы,Шопан ата мен боламын.

Асқар-асқар таулардан келіп қалдым.

Бақшадағы балаларға қызық болсын деп,

Алып келдім сыйлығымды жайлаудан.

Балалар біз шопан атаға қошақанның суретін салып берейік.

Олай болса шығармашылық топқа өтіңдер.

1топ балаларға жайлаудағы қошақандарды жайғастыра,олардың үстіне қой жүнін жапсыруға үйрету.

Сергіту сәті:

Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың

Томпиып тұр бүйірін

Қай өрістен тойдың.

Шопан ата шығып кетеді рақметін айтып.


ҰОҚ қорытындысы

Балалардан қойдың жүні қандай екенін сұрайды.

Балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады,оларды мақтап оқу қызметін аяқтау.


Күтілетін нәтижелер: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білу.Көктем мезгілінде үй жануарларын төлдейтінін.Үй жануарлары қалай дыбыстайтынын