Табиғат адамзатқа аманат.

Сариева Эльмира Исмаиловна
Сариева Эльмира Исмаиловна
Шымкент
Шымкент
Ясли-сад № 68 "Балауса"
Жаратылыстану
Жас тобы:
Мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы:
Табиғат әлемі
ҰОҚ тақырыбы:

Табиғат адамзатқа аманат.

11.03.2021
714
ҰОҚ мақсаты: Табиғат ұғымы,тірі табиғат,өлі табиғат туралы біле алады.Табиғатқа қамқорлық танытудың қажеттілігін түсіне алады.
Сөздік жұмыс:

Табиғат-природа

Тірі табиғат-живая природа

Өлі табиғат-не живая природа

Рефлексия Көзімізді жұмып табиғат құбылыстарын, тірі,өлі табиғатты елестету.
Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері,жұмбақ,табиғат, тірі табиғат, өлі табиғат туралы мәлімет дидактикалық ойын,табиғаттың керемет құбылыстары суреттер  тапсырма олардың пайда болу реті мен орналастыру. Сергіту сәті,қызыл кітап жайында мәлімет,"Ормандағы жағдаят" көрініс, ластанған табиғат бейнекөрініс, дұрыс және бұрыс іс-әрекеттер және табиғатқа байланысты мнемо кесте мақал-мәтелдер.Шығармашылықпен жұмыс,ән "Табиғатым-ай"
Құрал-жабдықтар: Тірі,өлі табиғат көріністері суреттер.Ластанған табиғат бейнекөрініс.
АКТ ресурсының атауы: Проектор
Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану.
Алдын-ала жұмыс: Табиғат,тірі,өлі табиғат туралы мәліметтер түсіндіру,әңгімелеу.

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
ҰОҚ кіріспе бөлімі

(5)

Амансыңдар ма,балалар! Бүгінігі мынау әсем таңымызда сендермен кездескеніме қуаныштымын. Осы қуанышты сезіне барлығымыз бірге, келген қонақтармен сәлемдесіп алайықшы. 

Сүйейік табиғатты аялайық!

Біз де одан жақсылықты аямайық!

Анадай табиғаттың аясында,

 Жадырап жас балаша дем алайық!  

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=406300300522820&id=100034285604968&sfnsn=mo

ҰОҚ негізгі бөлімі

(20)

Біз қазір сендермен не туралы айттық?

Табиғат туралы айттық.

Табиғатты қорғау туралы айттық.

«Табиғат адамзатқа аманат» тақырыбында әңгімелесетін боламыз. Ол үшін мен сендерге бірнеше жұмбақтар жасырғым келеді.

Төрінде нұр көзі,

Жердің биік күмбезі (Аспан)

Бір жатқан зор кемеңгер қара кісі

Қимылдар сол кісіден елдің тісі.

Талқандап беті, жүзін тырнасаң да,

Бір ауыз неге үйттің деу емес ісі. (Жер)

Көтеріп орман,тоғай,тастың бәрін,

Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарың (Тау)

Жарайсыңдар балалар!

Мінекей жұмбақты да шештік. Енді осы жұмбақтың шешуі бойынша топтарға бөлінейікші. Өз қалауларың бойынша, үстелдерге барып жайғаса қойыңдар. Мінекей, топтарға да бөліндік.

«Ендеше балалар, ең алдымен, «Табиғат деген не?», «Өлі табиғат ,тірі табиғат» түрлерін ажыратып алайықшы. Ол үшін әр топтың алдында, өздеріне берілген тапсырмалар бар. Аспан тобы: Табиғатқа байланысты заттарды жинақтап, ақ қағаз бетіне орналастырып айтып береді.

Жер тобы: Тірі табиғатқа байланысты суреттерді жинақтап,орналастырып атап айтып береді.

Тау тобы: Өлі табиғатқа байланысты суреттерді жинақтап, ақ қағаз бетіне орналастырып, айтып береді.

Балалар тапсырманы орындайды.

Аспан тобы: Табиғат айналадағы қоршаған орта. Табиғатқа адамдар, өсімдіктер, тау, тас, аспан, жануарлар

Жер тобы: Тірі табиғат өседі, өнеді, қоректенеді, тұқым шашады. Тірі табиғатқа адамдар, жануарлар,өсімдіктер,жәндіктер,құстар

Тау тобы: Өлі табиғат өспейді,өнбейді, қоректенбейді,тұқым шашпайды. Өлі табиғатқа тау,тас, құм, аспан, бұлт, күн, ай, жұлдыз, т.с.с

Жарайсыңдар балалар,үш топта белсенділікпен қатысты.(топқа үлкен смайлик беріледі.) Енді мен үш топқа ортақ сұрақ қоямын.

Табиғатымыздың қандай керемет құбылыстары бар? Жел, ауа, қар, жаңбыр, бұлт. Табиғаттың құбылыстарының пайда болу жолдарын айтып бере қойыңдаршы.

Мына үстел үстінде табиғат құбылыстарының суреттері бар. Осы табиғат құбылыстарының суреттерінің пайда болу ретімен мына жіпке қыстырғышпен іліп шығасыңдар, және айтып бересіңдер.

Күн ысып, теңіздегі су бу болып, аспанда бұлтқа айналады.

Жел тұрып, бұлттарды көшіреді.

Бұлт су тамшыларынан құралып, жаңбыр болып жауады.

Су жыл мезгіліне байланысты мұзғада, қарға да айналады.

Қар, жаңбыр суы өзенге құйылады, өзен теңізге құйылады.

Дұрыс айтасыңдар, балалар!

Осылайша табиғат құбылыстары үнемі тынымсыз айналыста жүреді.

Балалар, шаршаған шығармыз кішкене бойымызды сергітіп алайықшы.

Сергіту сәті:

Тамшы болып тамайық,(бір орында секіреді)

Арық болып ағайық.(екіекіден бірігеді)

Көлшік болып жиналып,(төрттөрттен бірігеді)

Күнге қолды бұлғайық.(қолдарын жоғары көтеріп,бұлғайды.)

Күн көзімен құрғайық, (жекежеке тарайды.)

Бу боп аспан төрінде (Әркім өз қолын жоғары көтереді)

Бұлттар санын құрайық (төрттөрттен қайта бірігеді)

Бұлттан жаңбыр сөгілер (қайта жекежеке тарайды.)

Жер әлемге төгілер.(өз орындарына отырады.)

Жарайсыңдар балалар өз орындарыңа жайғаса қойыңдар.

Ормандағы жағдаят

(Осы сәтте музыка әуенімен әкесі мен баласы кіреді, әкесінің қолында ара болады.)

Әке: Мына орманда ағашта қалмаптығой.

Бала: Бар ағашты өзіміз қырқып болдыққой.

Әке: Е,мынау жалғыз қайың ағашы қалыптығой.

Бала: Әке,ол әлі жасқой, өссінші обал емес пе, табиғаттың заңығой.

Әке: Заманымыздың бізге жаны ашымағанда, табиғатты ойлайын-деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы жағын. (Сол сәтте құс ұшып келеді.)

Құс: Ақ қайыңға тиіспеңдерші, менің ұямды бұзбаңдаршы, қырықпаңдаршы,

Әке: Мына құс не дейді? Ана құсты таспен ұрып жібер.

Бала: Әке, бұл құс өз ұясын қорғап жүр ғой, бұл ағашты қырықпай ақ қояйықшы.

Әке: Көп сөйлеме, ұста араның арғы жағын. Ей нәзік жүрек, мә саған (деп таспен атады.) Құс: Ей,адамзат ойланшы, сен бір сәт қана Жауыздықтан жасамашы қиянат табиғатқа Көмектесіңдер, көмектесіңдер!

Әкесі мен баласы ағашты қырқып алып кетеді. 

Балалар бұл оқиғадан сендер қандай ой түйдіңдер,ойымызбен бөлісейікші?

Жер тобы: Ағаштар ауаны тазартады.

Аспан тобы: Саялы ағаштарды кеспеуіміз керек.

Тау тобы: Құстар біздің қанатты достарымыз.

Жер тобы: Олар табиғат сақшылары.

Аспан тобы: Оларды қорғасақ қана көбейеді. 

Қазақстан елінің әсем таулары, көлдері, аң құстарына толы ормандарымызда аз емес.

Ал осы табиғатты қорғау өз қолымызда! Балалар, мынау «Қызыл кітаптың» суреті. Бұл басқа кітаптарға қарағанда ерекше кітап. Ол неліктен ерекше есімізге түсірейікші.

Тау тобы: Оның ішінде жойылып бара жатқан жануарлар, өсімдіктер, құстар тізімі жазылған. Оларды ұстауға, атуға, жұлуға болмайды.

 Балалар мен қазір сендерді «Ластанған табиғат» атты бейнекөріністі тамашалауға шақырамын. (Балалар мұқият отырып тамашалайды.)  

Бұл бейнекөріністен қандай іс әрекетті көрдіңдер?

 Адамдар табиғатты ластап жатыр.

 Дұрыс айтасыңдар. Ендеше осыған байланысты, суреттерді тақтаға іліп, ненің дұрыс, бұрыс екенін анықтап ажыратып айтып береміз, және табиғатқа байланысты мақал-мәтелдерді айтамыз.  

Аспан тобы: Дұрыс әрекетті іледі.

Жер тобы: Бұрыс әрекетті іледі.

Тау тобы: Осы табиғатқа байланысты мақал-мәтелдерді іледі.

Бір тал кессең, он тал ек.

Бұлақ көрсең көзін аш.

Судың да сұрауы бар.

Адам табиғатсыз күніі жоқ.

Ағаш жапырағымен,жер топырағымен.

Қыстың көзі қырауда.

Табиғат тал бесік.  

Бәрекелді балалар, енді осы қалдық заттармен бізде жұмыс жүргізіп жатқан «Шебер қолдар» үйірмесі бар. Біз балалармен бірге серуен кезінде қалдық заттарды жинаған болатынбыз. Біз өзіміздің үйірмемізде осы заттардан әр түрлі заттарды жасап үйренгенбіз.

    

https://www.instagram.com/p/CIJBAFDlcRU/?igshid=e9exodfwtvhj

ҰОҚ қорытындысы

(4)

Табиғатым-ай

Сайын дала,тау,тасың қатар түзілген

Шеру тартқан жеріңе бәрі сүйсінген

Қорғашы ұланым

Табиғат бізге берген байлығын

                Қ/сы

Ай,хай табиғатым ай

Жасыл елім ай

Әрдайым мен өзіңді қорғап өтем ай

Табиғатты қорғаймын жігер күшіммен

Адамзатқа аманат етіп берілген.

Қорғашы ұланым

Табиғат бізге берген байлығын.   

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=406300300522820&id=100034285604968&sfnsn=mo


https://www.instagram.com/p/CIJBAFDlcRU/?igshid=e9exodfwtvhj

Күтілетін нәтижелер:

(1)

Табиғат құбылыстары,тірі және өлі табиғат туралы білді.Табиғатқа қамқорлық танытуды түсінді.


Файлдар:

Файлды ашу суреттер