Шартты өлшем.

Вилахунова Гульзарам Абдурашитовна
Вилахунова Гульзарам Абдурашитовна
Алматы
Жаркент
"Бөбек" балабақшасы
Математика негіздері
Жас тобы:
Ересек топ
Білім беру саласы:
Ғажайыптар әлемінде
ҰОҚ тақырыбы:

Шартты өлшем.

11.03.2021
695
ҰОҚ мақсаты: Ұзындықтуралы түсініктерін қалыптастыру;заттардың ұзындығын бір-біріне салу арқылы және шартты өлшемнің көмегімен өлшеуді үйрету;                                                                                                                                                                                           
Сөздік жұмыс: өлшем, ұзын-қысқа, кең-тар, ауыр-жеңіл, жуан-жіңішке, ауыр-жеңіл.
Рефлексия Бір қорап таспа. Есіктен тықыр естіледі, тәрбиешіесікті ашып есікті ашып, Қорапты көреді. Ішінде таспасы бар қорапты үстелге қояды.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: Қорап, таспа, көркем суреттер, таразы, сызғыш, пішіндер, бой өлшейтін құрал, метр, сантиметр құралдары, "Тәй-тәй" технологиясы бойынша "сатушы" орталығы
АКТ ресурсының атауы: үнтаспа, электронды таразы, ноутбук.
Пәнаралық байланыс:
Алдын-ала жұмыс:

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
ҰОҚ кіріспе бөлімі  Педагог жетекшілігімен «бала үні ,жаппай бақылау қызығушылық мүде) қораптан екі таспадан алып, қайсысы ұзын, қайсысы қысқа екенін салыстыруды сұрайды. – Бүгін біз заттарды ұзындығына қарай салыстырып үйренеміз. «Ұзын – қысқа» ойыны (екі жолақ қағаз: жасыл – 20 см, ақ –15 см). Мен жасыл жолақтың үстіне ақ жолақты қоямын. Төменгі жағын және жанын туралаймын. Жасыл жолақ үстінде. – Біз жасыл жолақ ақ жолаққа қарағанда ұзын екенін көріп тұрмыз. – Енді оларды қатарластырып қоямын. – Тағы жасыл жолақтың ұзын екенін көреміз. Ақ жолақ қысқа. «Құлынша Құлыншақты дұрыс қой» ойыны. Үлестірмелі материал: (жолақтар: қызыл – 10x3 см, көк – 15x3 см, 4 құлыншақ). Педагог балалардың үстелдегі үлестірмелі материалдарға назар аударады: - Қай жолақ қысқа, ал қайсысы ұзын екенін салыстырып көріңдер.Қандай түстегі жолақ ұзын екенін анықтаңдар.Үстіне қысқа жолақты, астына ұзын жолақты қойыңдар. Қысқа жолаққа бір құлыншақты, ал ұзын жолаққа көп құлыншақты қоюларын ұсынады. – Бір құлыншақ тұрған жолақ қысқа ма, ұзын ба? - Көп құлыншақ тұрған жолақ ұзын ба, қысқа ма? Сөздік жұмыс:ұзын, қысқа. Билингвальды компонент: ұзын–длинный, қысқа – короткий. Сергіту сәті:«Аю». Тәтті көрсе, бас салар, Айнымайды баладан. Үп-үлкен боп жасқанар, Кіп-кішкентай арадан.  



ҰОҚ негізгі бөлімі Құрылымдалған ойын «Ұзын –қысқа» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог қонжық қандай пойызда кетіп бара жатқанын, ал қоян қандай пойызда кетіп бара жатқанын көрсетулерін сұрайды. Пойыздардың әртүрлі екеніне н назарларын аударады. Ашық сұрақ –Қонжық пен қоянның пойыздары бірдей ме, әлде әртүрлі ме? –Ненің пойызы ұзын? – Ненің пойызы қысқа? «Бір – көп» дидактикалық ойыны, 2-тапсырма. Педагог суреттегі тақияларға, қорапқа, сағатқа, үстелге, вазаларға, доптарға, шелектерге назар Педагог суреттегі тақияларға, қорапқа, сағатқа, үстелге, вазаларға, доптарға, шелектерге назар аударады. Тапсырма: суреттен көп заттарды тауып, атауды ұсынады. Сосын бір-бірден тұрған заттарды тауып, оларды саусағымен көрсетіп, атауларын сұрайды.   


ҰОҚ қорытындысы Кері байланыс Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден,– деп сұрайды. –Қонжық қандай пойызда кетіп бара жатыр? –Қоян ше? . Педагог Балаларды марапаттайды.   


Күтілетін нәтижелер: Күтілетін нәтиже: «ұзынырақ, қысқарақ» сөздерін қолданып заттардың көлемін атауды; көлемі бойынша қарама-қарсы заттарды салыстыруға болатынын; қолданады


Файлдар:

Файлды ашу Шартты өлшем