Қыс ғажабы (сурет бойынша әңгімелеу)

Алиева Гүлнар Асилбаевна
Алиева Гүлнар Асилбаевна
Шымкент қаласы
Шымкент қаласы
Ясли-сад № 68 "Балауса"
Сөйлеуді дамыту
Жас тобы:
Ересек топ
Білім беру саласы:
Алақай, қыс келді!
ҰОҚ тақырыбы:

Қыс ғажабы (сурет бойынша әңгімелеу)

11.03.2021
723
ҰОҚ мақсаты: Қысқы табиғатты бақылап,қарапайым өзгерістерді атай білуге үйрету.Қысқы табиғат құбылыстары(қардың жауғаны,аяз)туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды сурет бойынша әңгіме құруға үйрету,ойлау қабілеттерін дамыту.Ұйымшылдыққа,достыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Қыс-зима, аққала-снеговик,қар-снежник 
Рефлексия
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, суретпен жұмыс
Құрал-жабдықтар: Қыс мезгілінің суреттері, үнтаспа, СЛАЙД.
АКТ ресурсының атауы: Проектор,теледидар
Пәнаралық байланыс: Шығармашылық
Алдын-ала жұмыс: сурет арқылы әңгімелеу,түсіндіру

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
ҰОҚ кіріспе бөлімі

(4)

- Үлкен шеңбер құрайық, Алақанды ұрайық. Күлімдесін күн де, Күлімдейік біз де. Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық, Жүрек жылуын жинайық, Енді бәрін қонақтарға сыйлайық. -Балалар бізде бүгін ерекше оқу қызметі болмақ. Себебі байқап отырғандарыңдай көп қонақтар келді. Олар сендердің қандай тапқыр, білімді , балапандар екендіктеріңді байқауға келіпті. Қане сәлемдесіп алайық.  
ҰОҚ негізгі бөлімі

(20)

 -Жұмбақ Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық. Күнді жабады, Жаңбыр болып жауады. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Балалар қыс деген сөзді екі тілде айтып көрейік.Менің артымнан қайталаңдар. -Қыс мезгілінің айларын атайық. -Қазір қандай ай? -Бір аптада қанша күн бар? -Бүгін аптаның қай күн? - Бәрекелді ,балалар. -Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші. -Қыс мезгілі туралы тақпақтарды кім еске түсіреді. Тосын сәт. Музыка әуенімен Аққала кіреді. Сәлеметсіздер ме балалар. -Аққала сен неге көңілсізсің? Аққала басынан өткен оқиғасын айтып береді. --Ендеше балалар Аққалаға көмектесеміз бе? Тапсырмаларды бірге орындайық. Слайд көрсету. (Қыс туралы бейнелі сюжеттер) 2-тапсырма.Сергіту сәті. Ролик қаралым. 3-тапсырма. «Не артық» дидактикалық ойыны. -Балалар аққалаға мына тақтадағы суреттер бойынша артық затты тауып үйретейік. 4-тапсырма. «Қолғап» ертегісін үстел үсті театры арқылы сахналандыру. 5-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Умаждау әдісі арқылы аққала жасау.           
ҰОҚ қорытындысы

(5)

-Балалар сендерге көп рахмет. Сендер өте ақылды,тапқыр достар екенсіңдер.Бүгін мен көп нарсені білдім. -Мен сендерге сыйлық ретінде өзіммен бірге ұлпа қарлар алып келдім. Бірге қар атыспақ ойнайық. -Сау болыңдар балалар.    
Күтілетін нәтижелер:

(1)

Күтілетін нәтиже : Қыс табиғатты,қарапайым өзгерістерді бақылап суық,аяз,қардың жаууы туралы айта білуі керек. Біледі :Жұмбақ шеше біледі.ертегі сомдай біледі.

Игереді: Қысқы киімдер, қысқы ойындар, қысқы табиғат, қысқы еңбек туралы.

Меңгереді: Қыс мезгілі терең мағлұмат алуы.  

Файлдар:

Файлды ашу Суреттер