Қоршаған орта "Менің отбасым"

Едилбаева Жумагул Сайдуллаевна
Едилбаева Жумагул Сайдуллаевна
Түркістан
Шымкент
ГККП «Ясли-сад №106 «Ердәулет»
Қоршаған ортамен таныстыру
Жас тобы:
Ортаңғы топ
Білім беру саласы:
Менің отбасым
ҰОҚ тақырыбы:

Қоршаған орта "Менің отбасым"

11.03.2021
638
ҰОҚ мақсаты: Балаларға отбасы мүшелері жөнінде түсінік беру. Ата-ана, әке-шеше, апа-аға сөздерін тиянақтай толтыра меңгерту. Отбасы бұл бірге тұратын, бір-біріне қамқор болатын адамдар деген түсінікті қалыптастыру. Өзінің отбасы үшін мақтаныш сезімін дамыту. Ойын арқылы есте сақтау қаблетін, қарым -қатнас дағдыларын дамыту.Ойын арқылы есте сақтау қаблетін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 
Сөздік жұмыс: Отбасы, ата-ана, әке-шеше
Рефлексия

-Балалар бүгін біз сендермен немен таныстық?

-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

-Отбасы дегеніміз не екен?

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу көрсету арқылы түсіндіру, сұрақ- жауап, мадақтау
Құрал-жабдықтар: Отбасы мүшелерінің сүреттері, саусақ театры, карточкалар
АКТ ресурсының атауы: Ұйымдастырылған оқу -қызметі
Пәнаралық байланыс: Құрастыру, қоршаған орта
Алдын-ала жұмыс: Отбасы мүшелерінің суреттерімен таныстыру

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
ҰОҚ кіріспе бөлімі

Таңғы жиын:

Арайлап бүгін атты күн!

Шашты бізге шапағын

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышын шаттығын.

Қуанышты күн бүгін.

Саламатсыңдарма қонақтар!?



ҰОҚ негізгі бөлімі

-Рахмет балалар енді орнымызға жайғасып отырамыз.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

Көктем мезгілінің қанша айы бар?

Балалар: Үш айы Наурыз, Сәуір, Мамыр

-Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, сендер шешімін табыңдар.

Онсыз қызық жоқ маған

Онсыз бақыт жоқ маған

Ол әр баланың панасы

Ол не екен балалар?

Балалар: Отбасы 

-Жарайсыңдар!

-Балалар әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы дегеніміз бір шаңырақ астындағы  адамдар. Яғни ол біздің атамыз, әжеміз, әкеміз, анамыз, ағамыз, ініміз, әпшеміз. Отбасы бір шаңырақ астында дастархан басында шәй ішіп, тамақ ішіп әңгімелесіп отырады екен. Қане кім отбасы туралы мақал- мәтел біледі.

Камила: 

Отан -отбасынан басталады.

Қазына:

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.

Әмир:

Әке- асқар тау, Ана- етегіндегі бұлақ, Бала жағасындағы құрақ.

Ал енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: "Кім жоқ"

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қаблетін арттырып, байқағыштық қасиетін жетілдіру.

Ғажаып сәт: Топқа әже келеді.

-Саламатсыңдарма балалар!

Балалар: Апамен амандасады.

-Мен сендерді өте ақылды, білімді балалар деп есіттім. Олай болса мен сендерге бірнеше сұрақтар қойғым келіп тұр. Балалар сендер бүгін отбасы мүшелерімен танысып жатыр екенсіңдер ғой. Онда мен сендерге отбасы мүшелерін орыс тілінде қалай айтатындарын сұрағым келіп тұр.

Балалар: Сұрақтарға жауап береді.

Балалар сендер өте білімді екенсіңдер. Мен ауылдан қүрықол келген жоқпын. Сендерге өзімнің тәттілерімді ала келдім.

Ой балалар тәттілерді жеп қағазын салып қойыпты ғой. Кәмпиттің қағаздары шашылып қалды. Әже сіз ренжімеңіз тәттілерді келесі келгенде ала келерсіз. Енді мына жерді біздің қыздарымыз сізге  жинауға көмектеседі. Сіз мына жерге отырып балалардың білімдерін тамашалаңыз.

Әже: Рахмет қызым.

Сергіту сәті:

Біз бір үйде нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым - атам, үйдің данасы,

Балан үйрек - әжем, ошақ анасы,

Ортан терек - әкем, үйдің панасы,

Шылдыр шүмек - анам, үйдің ажары,

Кішкентай бөбек - мен үйдің базары.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Балаларды екі топқа бөлу.

1- топ ұжымдық жұмыс.

Тақырыбы: "Бақытты отбасы"

Мақсаты: Отбасы мүшелерін дастархан басына дұрыс орналастыру.

2- топ Карточкамен жұмыс

Ойын: "Неге теңейсің"

Мақсаты: Өз аналарының неге теңейтіндігін көрсетіп атап беру.

Шұғыла: 

Әкем, анам күнім бе?

Атам- әжем күлімде,

Бақыттымын рас ында

Ойлап тұрсам бүгінде.


ҰОҚ қорытындысы

-Балалар бүгін біз сендермен немен таныстық?

- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

- Отбасы дегеніміз не екен?


Күтілетін нәтижелер:

Отбасы мүшелерін және оларды сыйлап құрметтеу керек екенін.

Отбасы тұралы өлеңдер, мақал- мәтелдер жатқа біліп қажет кезде қолдана біледі.