Қыс қызығы

ТЛЕГЕНОВА АСЕЛЬ МАГЗОМОВНА
ТЛЕГЕНОВА АСЕЛЬ МАГЗОМОВНА
БҚО
Жаңақала ауданы,Жаңақала ауылы
"Жаңақала балалар бөбекжайы"МКҚК
Сөйлеуді дамыту
Жас тобы:
Ортаңғы топ
Білім беру саласы:
Қыс қызығы
ҰОҚ тақырыбы:

Қыс қызығы

09.03.2021
5234
ҰОҚ мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін ажырата біле отырып, қарды зерттеп бақылап айырмашылығын айтуға үйрету. 
Сөздік жұмыс: Қыс,қар,мұз.
Рефлексия Машаның қонаққа келіп,балалардан көмек сұрауы.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету.
Құрал-жабдықтар: наутбук,суреттер,қар,су.
АКТ ресурсының атауы: Ноутбук арқылы бейне баян.
Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен танысу.
Алдын-ала жұмыс: Серуенге шығып,табиғаттағы өзгерістерді бақылау.

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
ҰОҚ кіріспе бөлімі

Шаттық шеңбері:

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап.

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық.

-Өте жақсы, балалар! Осы жақсы көңіл күйімізбен бүгінгі күнімізді бастайық.

 Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.

Шанамен зырғып желетін,

Коньки, шаңғы тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?

-Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?                                      


ҰОҚ негізгі бөлімі

 Психологиялық сәт:

Қазір жылдың қыс мезгілі. Қыс мезгілінің табиғаты өте тамаша! Қазір біз қиял арқылы табиғат әлемін бір тамашалап қайтайық. Ол үшін сендер денелеріңді бос ұстап, көздеріңді жұмып еркін отырыңдар. Ұйтқып боран соғып, қыс өзінің сықырлаған аязымен терезелерге өрнегін салып, тамаша бір көрініс тапқандай. Жер беті мамықтай жұмсақ ақ қармен көмкерілген, жалт-жұлт еткен аппақ қарлар көздің жауын алып, қар үстінде жүре бергін келеді. Айнала сыңғырлап шыққан күлкіге толы балалардың дауысы. Бірі сырғанақ теуіп жүр, ал бір аққала тұрғызып жатыр. Бір топ бала шанамен ойнап, бір-біріне қар ұрысып жатыр. Ойынға қызған балалар тоңғанын да білмей аппақ қарға малынып шанамен зырлап барады.

-Енді көзімізді жаймен ашып айналаға қарайықшы!

-Міне балалар қиялымыздағы қыс бейнесі өте керемет екен.

Қазір қыстың ең соңғы айы. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен , көк айдын мұзымен ерекше. Ақ ұлпа қар жамылған ағаштар, үйлер, таулардағы қыс көріністері көздің жауын алады. Қыс мезгілінің тағы бір ерекше көрінісі – қысқы ойындар. Қысқы ойындар өте қызықты, сондықтан балалар қыс мезгілін асыға күтеді. Бірі шанамен сырғанап, бірі аққала жасап, бірі қар атысып ойнаған балалардың көңілді жүздерімен дауыстары ерекше көңіл –күй сыйлайды.

Ойын: "Қысқы өзгерістер"

-Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?

-Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?

-Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?

-Жарайсыңдар балалар

Ғажайып сәт: Маша келеді.

Маша: Балалар мен қатты тоңып қалдым қандай киім киемін білмей тұрмын маған көмектесіңдерші?

-Машаға көмектесемізбе?

-Маша кел біздің балалар қыс мезгілінде қалай киіну керек екенің айтады.

-Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?

-Қане, іс - қимылмен көрсетейікші.

-  Қандай ойындар ойнайсыңдар?

-Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады Қарды зерттеу ұжымдық жұмыс.

-Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.

-Қардың түсі қандай?

-Қар мұздай ма, жылы ма?

-Қарды ыдысқа салып устіне жылы су кұямыз енді қарандаршы қар еріп неге айналды? Қар жинау» ойыны.

Ойын шарты: Қар ерімей тұрып,берілген ыдысқа тез жинау.

Маша: балалар сендерге көп рахмет мен сендер айтқан киімдерді киіп алып тоңбайтын болдым және сендермен ойын ойнап жылынып алдым.

-Рахмет сендерге,сау болыныздар.  


ҰОҚ қорытындысы

-Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?

-Қыс  мезгілі туралы.

-Бізге бүгін қонаққа кім келді? 

-Маша келді.

-Бүгін біздер сіздермен бірге нені зерттедік?

-Қарды.

Балаларды мадақтау.


Күтілетін нәтижелер:

Нені біледі: Қыс мезгілі туралы.

Қандай түсініктерді игерді: қыс мезгілінің ерекшеліктері.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:берілген тапсырмаларды орындай алды.