Сиқырлы қобдиша

Амалбекова Гулзинат Лесбековна
Амалбекова Гулзинат Лесбековна
Шымкент
Шымкент
№55"Самал"бөбекжай-бақшасы
Сауат ашу негіздері
Жас тобы:
Мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы:
Балалардың ойын-сауық әлемі
ҰОҚ тақырыбы:

Сиқырлы қобдиша

20.05.2021
4231
ҰОҚ мақсаты:

Балаларға жыл бойы өтілген оқу қызметіне байланысты тапсырмаларды бере отырып,

білімі – білік дағдыларын сараптау .

Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуды жалғастыру .

Ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.  

Сөздік жұмыс: Сынып-класс,мектеп-школа,
Рефлексия Тосын сыйды алып кіргенде өте керемет  эмоцияда болды балалар .
Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, есептер шығару,әңгімелету,слайд көрсету 


Құрал-жабдықтар: Үлестірмелі материалдар, қалам сап ,суреттер.
АКТ ресурсының атауы: проектор,жылжымалы тақтайша,бинефильм
Пәнаралық байланыс:

Білім беру саласы: Қатынас, таным,әлеумет.

Бөлімі: Сауат ашу негіздері,  математика негіздері , сөйлеуді дамыту,өзін-өзі тану.  

Алдын-ала жұмыс: Балалар Pattern play интеллектум ойыншықтарымен ойнады

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
ҰОҚ кіріспе бөлімі


-Балалар, бүгін біз қорытынды ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өтеміз

Шаттық шеңбер.

Үлкенге де “Сіз”

Кішіге де “Сіз”

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз!


Сәлеметсіздер ме? -Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Тосын сый : Топтын есігін хат тасушы қағады. Қолында сиқырлы қобдиша бар екен. Тәрбиеші: -Балалар, сендер мектепте оқығыларың келеді ме? Бұл жай қобдиша емес сиқырлы қобдиша .

Қобдишаны тәрбиеші ашады Ішінен шар шығады.

Шардың ішінен флешка шығады.



Оны ноутбукке қосады.

Тәрбиеші: -Балалар бізге бірінші сыныптың сынып жетекшісі беріп жіберіпті.

Оның ішінде бірнеше тапсырмалар бар.

Орындаймыз ба?

Егерде барлығын дұрыс орындайтын болсақ өзінің сыныбына қабылдауға уәде етті.

Балалар келіседі.    

ҰОҚ негізгі бөлімі


Тәрбиеші: 1.Тапсырма. Сауат ашу. Сұрақ жауап

1. -Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

2. -Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?

3. -Дыбыстар нешеге бөлінеді?

4. -Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

5. -Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

6. -Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?



Тәрбиеші:

2.Тапсырма. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Логикалық тапсырмалар

1.Жылдың неше айында 28 күн бар?

2.Дайындауға болады, жеуге болмайды. Ол не?

3.-Айманда болды он алма Досына берді екі алма Айманның қолында қалды алма Айтыңдаршы неше алма?

4.-Шашылған жемге жиналды Алты тауық үйдегі Үшеуі кетті су іздеп Сонда қалды нешеуі?



Дидактикалық ойын.

Шарты:-Балалар музыка әуенімен билейді.

Музыка тоқтағанда тәрбиешінің қолындағы жазылған санға қарап балалар жұптасу керек.


3.Тапсырма. Сөйлеуді дамыту.

                                                                    Менің ағам.

      Менің ағам мектепте оқиды. Мектеп үш қабатты. Екінші қабатында кітапхана бар. Кітапхананың терезелері кең, жарық. Кітапханашылар өте мейірімді адамдар. Ағам кітапханаға жиі барады. Ағам ертегі кітаптарын маған көп оқып береді.


Балалар тәрбиеші оқыған мәтінді түсініп айтып беруді ұсынады.



Видео қойылады. М.Төрежановтың Ертеңге қалдыруға болама ? әңгімесі.

Балалар көреді Сұрақтарға жауап береді.Өз ойларымен бөліседі.



Тәрбиеші: -Балалар сендер қандай мектепке баруды қалайсыңдар?

Асхат:-Менің арманымдағы мектеп үш-төрт қабатты зәулім сарайдай болса

Ернұр:- Менің арманымдағы мектепте компьютер кабинеті болса

Дамир:- Менің арманымдағы мектепте футбол алаңы болса

Ерлан:- Менің арманымдағы мектепте үлкен, кең ,таза, дәмді тағамдар әзірлейтін асхана болса

Нурислам:- Менің арманымдағы мектепте баскетбол, волейбол ойнайтын спорт зал болса

Еркебұлан:- Менің арманымдағы мектепте робототехника кабинеті болса

Айару:- Менің арманымдағы мектепте тігін кабинеті болса

Адина:- Менің арманымдағы мектепте кең, жарық, әдемі, таза сынып кабинеті болса Айдын:- Менің арманымдағы мектепте лаборатория кабинеті болса

Айару:- Мен 1-қыркүйек күні мектепке осылай барғым келеді.

   

ҰОҚ қорытындысы



Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар өте жақсы . Бүгінгі оқу қызметінде өте жақсы қатыстыңдар. Бір жыл бойы алған білімдеріңді көрсеттіңдер   

Бүгінгі оқу қызметінде біз кімнің тапсырмаларын орындадық?

1.Бірінші сынып жетекшісінің тапсырмаларын орындадық

2.Сұрақтарға жауап бердік.

3.Буындардан сөз құрап жаздық.

4.Есептер шығардық

5.Логикалық сұрақтарға жауап бердік.

6.Арманымыздағы мектепті құрастырдық  



Күтілетін нәтижелер:


Білуі керек: Шатасқан буындардан сөз құрай білуі керек,берілген мысалды аяқтай білу керек,мәтінді түсініп айта білу керек,жағдаяттан шығудың жолын білу керек.

Болуы керек: Балалардың оқу қызметіне деген қызығушылықтарын ояту керек

Баланың қолынан келуі керек: Сұрақтарға толық жауап беру, өздіктерінен ұқыпты жұмыс жасай алуы.