"Кішкентай зерттеушілер"

Джумашова Жулдыз Рахматиллоевна
Джумашова Жулдыз Рахматиллоевна
БҚО, Орал қ
Тасқала ауданы
"Бөбек" бөбекжайы
Жаратылыстану
Жас тобы:
Ортаңғы топ
Білім беру саласы:
Мен және қоршаған орта
ҰОҚ тақырыбы:

"Кішкентай зерттеушілер"

02.03.2021
5195
ҰОҚ мақсаты:


Балаларға су және оның маңызы туралы түсінік беріп, тәжіриебе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. Топпен тәжірибе жасау арқылы қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:


Түсіндіру, көрсету, зерттеу

Құрал-жабдықтар:


Пойыз макеті, слайд, қауіпсіздік ережесі, зертханаға арналған қалпақтар мен алжапқыштар, шыны ыдыстар, су, қырынуға арналған көпіршіктер, түтікшелер, түрлі түсті ас бояғыштары (көк,қызыл, сары, жасыл, ), тарелкелер, скитлс кәмпиттері, сұйық май, аспирин қышқылы, қағаздан жасалған гүлдер, су құюға арналған науа, алғыс хаттар   

Алдын-ала жұмыс: Су туралы балалармен әңгімелесу

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
ҰОҚ кіріспе бөлімі


Зал іші тақырыпқа сай безендірілген.

Тәрбиеші: - Балалар жартылай шеңберде тұрады, сендер саяхатқа шыққыларың келеді ме?

Балалар: - Иә

Тәрбиеші: - Мынау қандай көлік түрі?

Балалар: - Поезд

Тәрбиеші: - Ендеше, мына поезбен «Білгіштер бекетіне» Зерде Қызға саяхатқа барайық (Поезд дыбысы естіліп, «Білгіштер бекетінен» түсіп қалады ) «Зерде» зерттеу орталығына келеді, балаларды Зерде қыз күтіп алады. Балалар зерттеу орталығына барып, Зерде қызбен амандасады.

Сәлеметсіздер ме!

Зерде қыз: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің зерттеу орталығыма қош келдіңіздер!Сіздер зерттеу орталығына неге келдіңіздер?

Тәрбиеші: -Біздің балалар, су туралы білгілері келеді, солай ма балалар?

Зерде қыз: -Онда, орындарға жайғасып мені мұқият тыңдаңыздар. (Кішкентай зерттеушілер Зерде қыздың айтқанын тыңдап, слайдты тамашалайды) Слайд арқылы әңгімелеу Сусыз тіршілік жоқ. Судың адам өміріндегі маңыздылығына баға жетпейді, сусыз тамақ піспейді, тазалық та болмайды. Су жолымен адам қатынайды, қайық, кеме жүзеді, жүк тасиды.Су түсі мөлдір, дәмі жоқ, сұйық.

-Ендеше, біздің балалар сізбен су туралы білімдеріңді толықтыру үшін, менімен тәжірибе жасап көрсек қайтеді?

Балалар: - Иә

Зерде Қыз: - Балалар, қараңдаршы жұмыстанған кезде қауіпсіздік ережелерін де есте сақтау керек екен. (Балаларға форманы кигізе береміз)

Қауіпсіздік ережесі: 1.Зертханаға жасалатын орынға үлкендердің рұқсатынсыз кіруге, құралдарды ұстауға болмайды;

2.Тәжірибеге арналған заттарды ауызға салуға болмайды;

3.Қолды ауызға салуға және көздеріңді уқалауға болмайды;

4.Зерттеу орталығында арнайы киімдермен ғана жұмыстанады;  (Балалар қауіпсіздік ережесін тыңдайды, балаларға арнайы алжапқыштар мен бас киімдер кигізіледі)  

ҰОҚ негізгі бөлімі


1-тәжірибе: «Жаңбыр» (Зерде Қыз) Жаңбырдың дауысын аудиожазбадан тыңдайды. Шыны ыдысқа суды толтырып құйып, бетіне қырынуға арналған көпіршікті құямыз. Кейін көк түсті ас бояғышты түтікше арқылы әр жерден тамызамыз. Бұлт пен жаңбыр боп жауғанын бақылаймыз Тәжірибе қорытындысы: Су буланып бұлтқа айналады.Соның әсерінен жаңбыр жауады екен. -Балалар, судың түсі өзгере ме? Балалар: - Жоооқ Зерде қыз: - Неге олай ойлайсыздар, қане тәжірибе жасап байқап көрейік. (Балалар тәжірибе жасауға дайындалады)  

2- тәжірибе: «Кемпірқосақ» (Зерде Қыз) Су мөлдір екенін көрсету; оны басқа түске бояуға немесе лас су қылуға болады .Тарелке бойына түрлі түсті дөңгелек кәмпиттерді қойып,үстіне су құйып бақылаймыз.Тәжірибе соңында кемпірқосақ секілді әдемі болғаны байқалады.

Тәжірибе қорытындысы: Су түссіз болғанмен, бояғыштар қосқан кезде өз түсін өзгертіп, түрлі түске боялады. - Жарайсыңдар, балалар! Сендер өз шеберліктеріңді көрсетіп, судың қасиеттерімен танысып жатырсыздар. -Қане, балалар шаршадыңыздар ма? Балалар: - Иә  

Сергіту сәті Балалар сергіту сәтін қимылмен орындап, орындарына жайғасады.  

Тәрбиеші: - Кішкентай зертеушілер, менде сендерге қарап қызығып тұрмын.Келесі тәжірибені сендермен бірге жасасам қатеді?Қане, онда келесі тәжірибемізге көшейік.

3-тәжірибе: «Әдемі көпіршіктер» (Тәрбиеші) Судың қасиеттерімен таныстыру: ағады, сылдырлайды, бүркінділер ұшады. Шыны ыдысқа су құйылады, кейін сұйық май құйып қызыл, жасыл, сары түсті ас бояғыштарын түтікше арқылы тамызып, аспирин қышқылын салып бақылаймыз. Тәжірибені бақылаймыз. Тәжірибе қорытындысы:  Су мен майдың тығыздығы артқаннан, май судың бетіне шығады. Аспирин қышқылын салған кезде, судың бүршіктері байқалады.

4- тәжірибе:«Әдемі гүлдер» (Зерде Қыз) Алдарыңызға берілген гүлді, мына суға саламыз.Қане, гүлді бақылайық. Гүл не істеді, балалар? Балалар: - Гүл ашылды. Зерде Қыз:  - Көрдіңдер ме, менің кішкентай зерттеушілерім сусыз адам да, жануарлар да, жалпы табиғаттағы тіршілік иелері сусыз тіршілік ете алмайды.Суға салынған гүлде жайқалып, ашылды. Гүл секілді сендерде әдемі де, көрікті болып өсіңдер.

Зерде қыз: -Балалар,біздің бүгінгі зерттеуіміз сендерге ұнады ма?

Балалар: -Иә

Зерде қыз:

-Сендер су туралы көп мәлімет алдыңдар, тәжірибе жасап көрдіңдер. Сондықтан кішкентай зерттеушілерге алғысымды білдіру мақсатында, мына алғыс хаттарды табыстаймын. (Балалар алғыс хатпен марапатталады.

Балалар Зерде қызбен қоштасып кетеді)

- Ендеше сау болыңдар, кішкентай зерттеушілер!  




https://bilimkids.kz/uploads/files/1399896/5e6a0b54b1341.mp3

https://bilimkids.kz/uploads/files/1399896/5e6a0bedafaa4.jpg

https://bilimkids.kz/uploads/files/1399896/5e6a0c30d2147.jpg

https://bilimkids.kz/uploads/file-manager/files/5ef2eeca1691e.mp3

https://bilimkids.kz/uploads/files/1399896/5e687ae63b3d0.png





ҰОҚ қорытындысы


-Балалар, біз бүгін не туралы айттық?

- Суды ластауға, ысырап қылып шашуға бола ма екен? Балалар өз ойлары бойынша жауап береді.

-Осымен біздің зерттеуіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық. (Балалар қонақтармен қоштасып шығып кетеді)  

Қорытындылау.

Күтілетін нәтижелер:


Нені біледі: Судың сұйық зат екенін білді. Қандай түсініктерді игерді: Тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын игерді. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Суды ысырап етпеуге, табиғатты аялауға, қорғауды меңгерді.