"Құстар -біздің досымыз"

Алимгалиева Альбина Еркиновна
Алимгалиева Альбина Еркиновна
Батыс Қазақстан
Ақсай
Батыс Қазақстан Облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, №8 "Өркен" бөбекжайы МКҚК
Жаратылыстану
Жас тобы:
Ересек топ
Білім беру саласы:
Табиғат әлемі
ҰОҚ тақырыбы:

"Құстар -біздің досымыз"

25.03.2021
10412
ҰОҚ мақсаты: Құстардың ерекшеліктері туралы түсініп, айта алады. Кейбір құстардың тамақтануын, мекендейтін орнын, жәндіктерден айырмашылын ажырата алады.
Сөздік жұмыс: мамық-құстарда үлпілдек, сояуы жоқ қауырсынның бір түрі.
Рефлексия
Әдіс-тәсілдер: 4К моделі: коммуникация, сыни ойлау, креативтілік, команда. «Бала үні», Саралау: ресурс, қарқын, нәтиже, қызығушылық мүдде. Бақылау: тікелей, жаппай, қысқа мерзімді, құрылымдалған және құрылымдалмаған, тәрбиешінің жетекшілігімен ойын түрі
Құрал-жабдықтар:
АКТ ресурсының атауы: Орман секілді безендірілген топ, құстардың суреті, презентация, ағаш, тау-тас, сулы жер, үй шатыры суреттері, «Үйшік» тапсырмасы, шығармашылқ жұмысқа арналған құралдар.
Пәнаралық байланыс: қоршаған ортанымен танысу, сөйлеуді дамыту
Алдын-ала жұмыс: "Құстар әлемі" иллюстрациялық жинағын тамашлау

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
ҰОҚ кіріспе бөлімі -Балалар мен сендерге орманға саяхатқа шығуды ұсынамын. Орманға қалай, немен баруға болады? -Менің қолымда сиқырлы қолшатыр бар. Қане бәріміз осы сиқырлы қолшатырдың астына кірейік. Көп кешікпей біз орманда боламыз. (қолшатырды айналдырады)  
ҰОҚ негізгі бөлімі

-Балалар міне сиқырлы қолшатырымыз орманға да жеткізді. Айналаға назар аудырыңдаршы, қандай әдемі. Бұл не дыбыс? (құстардың дыбысы бар аудиожазба қосылады)

-Бұл құстардың дыбысы, олар қайда екен?

-Бұл ағашта құстар өте көп екен, олар неге бәрі дыбыстап жатыр екен? Тәрбиеші бір құсты алып, құлағына тақайды.

-Бұл құстың айтуынша, құстар адасып, мекен ететін жерлерін таба алмай, осы ағашқа келіп қоныпты. Енді оларға өз мекендейтін жерлерін табу керек. Ағаштағы құстар туралы мәлімет тыңдайық, ол үшін өздерің қалаған құсты ала қойыңдар. (Презентация көрсетіп, мәлімет беру)

Тапсырма бйырнша қорытындылак сұрақтары:

-Тырна өзен- көлдерде мекендейді. Бақамен қоректенеді.

-Бүркіт-таулы жерлерде өмір сүреді. Етті жақсы көргесін тышқан, қоян секілді аңдармен қоректенеді.

-Торғай-ағаш, тал арасындда жүреді. Торғай дәндермен қоректенеді.

-Қарлығаш-адамдардың досы саналады. Сондықтан үй шатырларына ұя салып, құрттармен қоректенді.

-Балалар құстар туралы мәлімет алдыңдар, енді таңдаған құстарың қай құс екенін атап, мекендейтін жеріне апарып жапсыра қойыңдар

Сұрақ-жауап:

-Бүркіт үй шатырына үй салса қалай өмір сүрер еді?

-Торғайды тотықұс секілді торда ұстауға бола ма?

-Тырна неге аңдардың етін жеп қоректенбейді?

-Сен осы құстардың ішінен бір құс болсаң, қайсысы болар едің? Не себепті? Педагогтің жетекшілігімен ойын: «Үйшіктің тапсырмасы»

-Балалар қараңдаршы құстар сендерге тапсырма дайындап қойыпты. Бұл үйшікті ашап қарасаңдар, бірнеше тапсырма бар. Сондықтан сендер 3-4 баладан бірігіп, бір топ болып тапсырманы орындайсыңдар. Тапсырманы орындағанда бір -біріңе көмектесіңдер. (балалар топтанып үйшіктерді алады, ішін ашады) Үйшіктегі 1-ші тапсырма «Құстарды тамақтандыр»

Шарты: Дөңгелек бетіндегі тырна, қарлығаш, бүркіт, торғайдың суреттеріне өздеріне тән тағамдар жапсырылған қыстырғышпен қыстырады.

-Тырна бүркіт секілді тышқан, қоян секілді кішкентай аңдарды жей алады ма? -Бүркіттің неге қоянға әлі келеді?

-Адамдар қандай құстарға тамақ, жем береді?

-Құстардың қанаты бар, бірақ неге олар қантымен тамақтарын ұстап жемейді? Саралаудың ресурс түрі арқылы әр командадағы тапсырманы бірінші аяқтап отырған 1-2 балаға алдарына мозайка беріп, құстардың бейнесін құрастыруды тапсыру

2-ші тапсырма «Артығын тап» Шарты: Құстармен ұша алатын жәндіктердің суреттерін( шыбын, көбелек, ара, маса, инелік) араластырып береді. Жәндіктердің арасынан құсты, құстардың арасынан артық жәндікті табу керек.

Тапсырма бойынша қорытындылау сұрақтары:

-Жәндіктер мен құстардың ұқсастығы қандай? (Қанаттары болады, ұша алады) -Айырмашылығы қандай? (құстардың тұмсығы, қауырсыны, мамығы болады) -Арман сен неге көбелек пен құсты ұқсас деп ойлайсың?

-Көбелек сияқты қандай әдемі құсты білесіңдер? -Құстардың қанаты болмаса қалай ұшар еді?

-Мамыға не үшін керек? Құс пен көбелекті шатастырып отырған Арманға саралаудың нәтиже түрі арқылы көбелектің жәндік екенін, құсқа тек қанаты болғасын ұқсайтынын түсіндіріп, суреттер көрсету.

Сергіту сәті (Бес балапан) 3-тапсырма «Біздің қиялымыздағы жемсауыт»

Шарты: балаларға шығармашылық жұмысқа керекті барлық құралдар: қайшы, түрлі түсті қағаздар, сулы бояу, желіп, дайын жапсырмалар беріледі. Әр топ өз қиялдарынан құстарға жемсауыт құрастырады, суретін салады, жапсырады және таныстырады. Тапсырма бойынша қорытындылау сұрақтары -Жасаған жемсауыттарың қандай әдемі!

-Қалай жасадыңдар?

-Неге осылай безендірдіңдер?

-Жемсауытты басқа нелерден жасауға болады?

-Қане жемсауытты ормандағы ағашқа орналастырып қойыңдар! Құсты құлағына тақайды.  

https://bilimkids.kz/kk/videos/1
ҰОҚ қорытындысы

-Балалар орман құстары сендерге рахметін айтып жатыр. Тапсырмаларды да керемет орындадыңдар. Ал жемсауыт үшін олар сендерге өте риза. Құстармен қоштасып, тобымызға қайтайық! (қолшатырдың астына кіреді, тәрбиеші қолшатырды айналдырады)

-Балалар орманға саяхатымыз ұнады ма? Несімен ұнады?

-Құстардың қандай ерекшеліктері бар екен?

-Құстарға қалай көмек көрсеттіңдер?

-Үйшіктегі қай тапсырма ұнады? Несімен ұнады?

-Құстар қалай қоректенеді?

-Қай жерлерде мекен етеді? -

Құстардың жәндіктерден айырмашылығы қандай?

-Балалар құстар туралы ертегілер көп. Қазір мен сол ертегідегі құстар бойынша сұрақ қоямын, мұқият тңдаңдар!

-Түлкі қай құсты қонаққа шақырады?

-Ата мен әжеге алтын жұмыртқа беретін құс не?

-Ұсқынсыз болып туылған қай құс?

-Масаның тілін жұлып алған құс?

-Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы дұрыс орындап, құстарға көмектескендерің үшін мен жұлдызша беремін. Үйге барғасын ата-аналарыңа жұлдызшаны қалай алғандарыңды айтып беріңдер. Бүгінгі оқу қызметіміздің соңында

«Ерекше тауық» ертегісін тамашалайық. (Ұйымдастырылған оқу қызметі Бақылаудың құрылымдалған, тікелей, ішінара, қысқа мерзімді түрімен бақыланды.)    

https://bilimkids.kz/kk/videos/87
Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Құстар туралы жалпы түсінікті

Игереді: құстардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, ба сқа тіршілік иелерінен ажырата білуді.

Меңгереді: Табиғат әлеміне сүйіспеншілік танытып, қамқор болуды.