Орманға саяхат

Кашкинова Айтолқын Жолдасовна
Кашкинова Айтолқын Жолдасовна
Атырау облысы
Атырау қаласы
№27 "Ақбота" бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Дене шынықтыру
Жас тобы:
Ересек топ
Білім беру саласы:
Алақай, қыс келді!
ҰОҚ тақырыбы:

Орманға саяхат

16.03.2021
7570
ҰОҚ мақсаты:

Балаларды сапқа,тізбекке тұруға үйрету,бастаушыға қарап түзелу, дене шынықтыру сабағында логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, интеграциялы сабақ арқылыбалаларды қимыл үстінде санауға үйрету,бекіту,тура санауға,сандарды естеріне сақтауға дағдыландыру, геометриялық пішіндер арқылы үй құрастыру." Орманға саяхат"тақырыбында ертегі сюжеті арқылы балалардың денсаулығын нығайту,негізгі қимылдар қос аяқпен секіруге,тунельден еңбектеп жүруге үйрету.

балаларды төзімділікке,қиындықты жеңе білуге,адамгершілік қасиеттерін дамытуға,бірлікке,достыққа,ептілікке,ұқыптылыққа,шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа,жылдам ойлау қабілеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс: Билингвалды компонент: Сандар-цифры,пішін-фигура,аңдар-дикие животные,секіру-прыжок,орман-лес,Мыстан кемпір-Баба Яга
Рефлексия Балалар қимылдары дұрыс орындайды,өз әрекеттерін бағалайды, бірін-бірі мадақтайды.Ойлау қабілеттері дамиды,денсаулығы нығаяды, шынығады.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,бірге жасау,сұрақ-жауап әдісі.
Құрал-жабдықтар: Таяқшалар,тунель,санды-текшелер,пішіндер.
АКТ ресурсының атауы: Музыкалық аппаратура,интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Математика,тіл дамыту,айналамен таныстыру.
Алдын-ала жұмыс: санау,санды тану,жануарлар рөлін сомдау.

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
ҰОҚ кіріспе бөлімі

Балалар маршпен залға кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме балалар,қараңдаршы бізге қонақтар келді,амандасайықшы (Үш тілде амандасады).

-Балалар біз бүгін сендермен бірге,орманға саяхатқа барамыз. Дайынсындар ма?

-Олай болса алдымен орман ережесімен таныстырайын:   Орманды жалғыз аралауға болмайды, ол үшін бір-бірлеріңнен қалмауларың қажет. Орманда шулауға болмайды. Күнге қол созамыз

Аяқ ұшына тұрамыз (аяқ ұшымен жүру)

Енді өкшемен жүреміз

Қаздар ұқсап жүреміз (аяқтың ішімен жүру)

Аюға ұқсап маймаңдаймыз (аяқтың сыртымен жүру)

Аяқты көтеріп жүреміз 

Жолда мұқият боламыз!

Жүрегіміз,жәй жүреміз

-Балалар,бүгін орман іші тып-тыныш.Аңдар да көріңбейді. Не болды екен? Бәрі қайда кеткен?

Музыка әуенімен мыстан кемпір келеді.

-Сендер кімсіңдер? Орманда неғып жүрсіңдер?

- Біз « Ақжелкен» тобының балаларымыз. Орманға саяхатқа келгенбіз. Бірақ орманда бірнәрсе  болған сияқты. Аңдарда көрінбейді.

-Ал сен кімсің? -Ха-ха мені танымадыңдар ма? Мен мыстан кемпірмін! Менің бүгін туған күнім. Қонақ шақырғым келеді,бірақ менің үйшігім құлап қалды. Аңдарға үйімді жинауға көмектесіңдер десем,көмектеспеді. Сондықтан мен оларды таяғыммен сиқырлап,қатырып тастадым.

-Аңдарға қалай көмектесеміз?

-Егер менің тапсырмаларымды орындасаңдар,аңдарды босатамын.

-Жарайды орындайық.

-Мыстан кемпір тоқтай тұр,сенің тапсырмаларыңды орындамас бұрын алдымен денемізді қыздырып алайық.

ҰОҚ негізгі бөлімі

Жалпы дамыту жаттығулары. (Таяқшалармен)1

1.Б.қ: дене тік,аяқ алшақ,таяқша төменде.

-Таяқшаларын жоғары көтереді;

-Қоылын түзу ұстап,оң ,сол жаққа иіледі;

(3-4 рет қайталанады)

2. Б.қ: дене тік,аяқ алшақ,таяқша төменде.

-Таяқшаларын зжоғары-төмен көтереді.

(3-4 рет қайталанады)

3. Б.қ: дене тік,аяқ алшақ,таяқша төменде.

-Екі қолды алға созып,таяқшаны кеуде тұсына әкеліп,тізені жартылай бүгу.

(3-4 рет қайталанады)

4.Б.қ: дене тік,аяқ алшақ,таяқша төменде.

-Таяқты жоғары ұстап,қос аяқпен секіру.

(3-4 рет қайталанады)

Негізгі қимыл:

1.1-ден 10-ға дейінгі санды-текшелерді қою.

2.Қос аяқпен секіру.

Тюнельден еңбектеп өту.

3. Геометриялық пішіндерден үй құрастыру.

мыстан кемпір:

-Ой балалар жарайсңдар,маған үй салып бердіңдер. мені қуанттыңдар. Сол үшін ормандағы аңдарды құрсаудан босатамын. (орман аңдары келеді,интерактивті  тақтадан орман бейнесі көрсетіледі)

аңдар балаларға рахмет айтады.

Қимылды ойын: "Кім епті".

Ойын шарты: балалар ортада тұрады. Бір шетте мұғалім, бір шетте мыстан кемпір,екі шеттен балаларға карай фитбол добын домалатады. балалар қашып,допты тигізбеу керек,кімге доп тисе,сол бала ойыннан шығады.


ҰОҚ қорытындысы

Мыстан кемпір:

-Ой балалар мен шаршап қалдым,белімде ауырды. Сендер мені әбден шаршатып жібердіңдер,рахмет сендерге балалар,біршама көңіл көтердім. Кішкене демалайық.

релаксация:бәріміз менімен бірге жатыңдар! Жұлдыздарға қарайық,армандайық. Жұлдыздарға жақындайық,әуе шар болайық.Шар ол сендердің іштерің болады.Қолдарыңды іштеріңе қойындар,сендердің шарларың үрленіп жатқанын білу үшін,демді ішке тартып шар үрлейміз,демді шығарамыз. Міне сендер биіктесіңдер, көздеріңді жұмыңдар,жұлдыздарды елестетіңдер.Қараңғы түнгі аспан,жарық ай,көп-көп жұлдыздар.олар жанады,жарқырайды,құлайды да ғайып болады.Қандай тамаша!Әдемі! Құстар ән салып тұрғандай,күн шықты,таң да атты.Сендер ояндыңдар,тұрдыңдар.

-Міне біз өзіміздің балабақшаға да келіп калдық.мыстанға көп рахмет,ол бізге ертерек келуімізге көмектесті. Мыстан қоштасып кетіп қалады.

-Сендерге саяхат ұнады ма? 

-Біздер саяхатта қандай жаттығу жасадық?

-Қандай кедергілерден өттік?

Дұрыс айтасыңдар балалар.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Жарайсыңдар балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Күтілетін нәтижелер: Нұсқау бойынша,өз беттерінше сандарды дұрыс қою, қос аяқпен шығыршықтан келесі шығыршыққа дұрыс секіру,тунельден еңбектеп жүру,таяқшалармен орындалатын жаттығуларды орындай білу.