Қ дыбысы мен әрпі

Дүйсенбаева Асель Сабыровна
Дүйсенбаева Асель Сабыровна
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
"Жаңақала балалар бөбекжайы"МКҚК
Сауат ашу негіздері
Жас тобы:
Мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы:
Көктемгі ағаштар
ҰОҚ тақырыбы:

Қ дыбысы мен әрпі

13.03.2021
6088
ҰОҚ мақсаты: Балаларды Қ дыбысы мен әрпімен таныстыру.Сөздік қорларын молайту,сөйлеу сөз құрауға үйрету, оқу қызметі бойы Қ дыбысын үйретіп меңгертіп шығару. Ойынға оқу қызметіне балалардың қызығушылықтарын арттыру.
Сөздік жұмыс: Қайшы -ножница, қой- баран, қолтырауын- кракадил.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, ойнату,
Құрал-жабдықтар: Суреттер, плакаттар , тақтайлар , созылмалы резинка, фетрдан қиылған балықтар, қорапша баклашка қақпақтары .
АКТ ресурсының атауы: Таяқшалы резинка техналогиясы, қораптағы дыбыс, суреттерді дыбысқа сай орналастыру.
Пәнаралық байланыс: Сауат ашу
Алдын-ала жұмыс: Балаларды алдын ала Қ дыбысынан басталалтын сөздер айтқызып , суреттерін көрсетіп дайындап алу.

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
ҰОҚ кіріспе бөлімі Балалар , Сәлеметсіздер ме. Балалар бүгінгі оқу қызметімізді мен ойынмен бастағым келіп тұр . Сендер менімен ойын ойнауға дайынсыңдар ма. Олай болса ойын аты : « Ойлан тап» . Менің қолымда доп бар сол допты мен сендерге сұрақ қойып лақтырамын бір балаға , сол бала маған сұраққа жауап беріп допты кері маған лақтырады. Сауат ашу оқу қызметінде нені үйренеміз?  Әріп дегеніміз не ? Дыбысты ,біз не істейміз, ал әріпті ? Дыбыс нешеге бөлінеді ? Қандай –қандай болып? Дауысты , дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз? Жарайсыңдар балалар менімен ойынды жақсы ойнадыңдар, олай болса балалар үш топқа бөлініп отыра қояйық . Бірінші топ Дауыстылар тобы болыңдар, екінші топ Дауыссыздар тобы боласыңдар , ал үшінші топ әріптер тобы болыңдар. Ендеше балалар біздер бүгін өткен әріпті есімізге түсіріп қайталап жіберейік, мен сіздерге сурет көрсетемін ал сендер сол суреттің атын айтып қандай дыбыстан басталып тұр соны айтып тақтаға әрпін жазасыздар. Жарайсыңдар балалар өткен әріпті біледі екенсіңдер. Ашық оқу қызметіміздің жаңа тақырыбымен танысамыз. Ол жаңа танысатын дыбысымызбен әріпімізді жұмбақ қою арқылы шешеміз. Біздер жұмбақ шеше аламызба ендеше біздер тақтаға слайдқа назар аударайық.  


ҰОҚ негізгі бөлімі 1.Кішкене ғана бойы бар, Айналдыра киген тоны бар 2. Көк ала костьюм киеді Бойын жерге жасырған Күннің көзін сүйеді Бұрымы бар жасылдан 3.Қалқиып ұзын құлағы Елеңдеп қорқып тұрады.    Жарайсыңдар балалар . Енді қоян, қасқыр, қарбыз деген сөздің басында қандай әріпті естіп тұрсыңдар? Енді бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз Қ дыыбысы мен әрпі екен.Қане балалар бәріміз қолымызды иегіміздің астыңа қойып Қ, Қ ,Қ деп айтайықшы .Балалар қолымыз иегімізге тиіп тұр ма ? Неге тимей тұр деп ойлайсыңдар ? Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады екен сонда ? Дауыссыз дыбыстар сонда қандай текшемен белгіленеді? Қ дыбысынан басталатын сөздер білемізбе балалар кім айтады. Қасқыр деген сөзді буынға бөлейікші ? Неше буын ? Қала деген сөзді буынға бөлейікші. Неше буын бар.Қанша буын болса сонша дауысты дыбыс болады екен. Қора деген сөзді буынға бөлейікші . Енді балалар біздер Қора деген сөзге алдымызда тұрған текшелермен жазайықшы . Тақтаға бір бала шығып жазады дыбыстық талдау жасайды ,қалғандарын дұрыстығын тексеріп қарайсыңдар жазасыңдар. Қора деген сөзе сонда балалар неше дауысты дыбыс, неше буын , неше дауыссыз дыбыс , неше дыбыс бар екен сонда.      


ҰОҚ қорытындысы Сергіту сәті . Балалар орнымыздан тұрып бір сергіп алайықшы. Балалар мен сендерге А дыбысынан басталатын сөздң айтқанда сендер қол соғасыңдар, Қ дыбысынан басталатын сөзді айтқанда аяқты топырлатасыңдар, О дыбысынан басталатын сөзді айтқанда отырып қаламыз, Р дыбысынан басталатын сөзді айтқанда ұшамыз,Н дыбысынан басталатын сөзді айтқанда айналамыз Жарайсыңдар балалар серігіп алсақ орнымызға жайғасайық. Енді балалар мен үш топқа тапсырма беремін сол тапсырманы орындаймыз. 1 топ : Дауыстылар тобы Сендерге кәдімгі күнделікті үй жағдайында қолданып жүрген каропка және баклашка қақпақтарымен жұмыс , қақпақтарды бұрау арқылы. Ортада бір сөз жазылған сол сөзді қарап каропка ішіндегі әріптерді алып баклашка қақпақтарымен бұрап жазасыңдар. 2 топ : Дауыссыздар тобы Сендер таяқшада жазылған әріптің үлкен таңбасы мен кішкентай таңбасын резиңканы созу арқылы бір-біріне жалғайсыңдар. 3 топ : Әріптер тобы Сендерге алдарыңға сурет беріледі , сол суреттің атын айтып қандай дыбыстан басталып тұр сол суреткке қандай әріп естілсе сол әріпті сурет астына қоясыңдар . Мыс : алма суреті А дыбысынан басталады , алма суретінің астына А дыбысын қоясыңдар. Жарайсыңдар , өте тамаша балалар берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар.  Енді балалар осы Қ әрпін одан әрі тереңірек меңгеру үшін біздер ойын ойнап жіберейік. Ойынның шартымен түсіндіріп кетейін . Мына жерде көп деген заттар бар, осы заттар араласып жатыр, Қ дыбысынан басталатын бір затты алып , соған сөйлем құрауымыз керек. Мыс : Қ , қуыршақ , қуыршақпен қыздар ойнайды. Жарайсыңдар балалар бұл ойындыда жақсы ойнадыңдар. Оқу қызметімізді қорыта келгенде , біздер бүгін қандай жаңа әріппен танысқан болып тұрмыз ? Балалар бүгінгі оқу қызметімізді жақсы көңіл күймен аяқтадық . Мына менің қолымда түрлі түсті балықтар бар, балықтың әр түрлі түсіндей мен сендерге жақсы көңіл күй тілеймін . Ендеше мына балықты қолымызға ұстамай бүгінгі оқу қызметімізден алған жақсы көңіл күйімізбен балықты суға жіберейік.  


Күтілетін нәтижелер: Өткен әріптерді біледі, балалар Қ дыбысы мен әрпін игерді, балалар жаңа тақырыпты меңгерді.