" Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау."

image not available

" Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау."

Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау.

Алматы қаласы

Әуезов ауданы

№135 бөбекжай-балабақшасы

тәрбиешісі: Жарылкасимова

Алтынай Абдижапаровна

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызғушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым – қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала-қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.

Серуен кезінде бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастыру біріншіден жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден бақылауды жүргізе қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі педагогтың қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты. Баланың жан-жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізнде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну –танып білу –жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс – тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.

Серуен – Мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын – алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.

Серуеннің міндеті: Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру. Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру. Баланың қимыл-белсенділігін арттыру. Баланың танымдық көркемдік – эстетикалық әлеуметтік тұлғалық дамуына ықпал ету.

Серуен түрлері:

1. Балабақша аумағында

2.МДМ нің территориясынан аулаққа жаяу серуен ересек топтар 2 км дейін.

Баланың киіміне қойылатын талаптар. Баланың киімі жыл мезгіліне байланысты сай болу керек.

Серуеннің мазмұны:

1. Бақылау

2. Еңбекке баулу

3. Қимыл белсенділігін арттыру қимылдық спорттық, ойындар мен жаттығулар.

4. Бала мен жеке жұмыстар

5. Балалардың өзбетінше әрекеті

Жоғарыда атап өткендей, мектепке дейінгі мекемеде серуенді дұрыс ұйымдастырудың маңызы ерекше. Серуеннің ұйымдастырылуын арнайы кесте арқылы талдау әдіскердің де тәрбиешінің де жұмысын жеңілдетеді. Тәрбиеші өзіне қандай талап, қойылып отырғанын біледі, және серуенді жоспарлағанда жан-жақты ескеріп отырады.

1. Бақылауға келсек, мысалы, қазір жаз мезгілі.

2. Тақырып: «Табиғат жайлы әңгімелесу»

Мақсаты: Балалардың дүниетанымын, тіл байлығын дамыту.

-Табиғат дегеніміз не?

Табиғат–жер, тау,ағаш, су,орман, өсімдіктер мен жан-жануарлардан тұратын қоршаған орта.

Мақал-мәтел: «Адамның табиғатсыз күні жоқ, Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ»

Еңбек: Топ ауласын бұтақтардан, қоқыстан тазалау.

Мақсаты: Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.

Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы:

«Өз үйіңді тап»

Ойын шарты: Ойыншылар 3-4 кішкентай аласа ұзынша орындықтарда отырады. Барлық балаларда әдемі үлкен ойыншықтар–бірінші тұрған ұзынша орындықта қуыршақ, екіншісінде –ит, үшіншісінде –мысық, төртіншісінде –аю, қоян. Тәрбиешінің «Серуенге шығамыз» деген нұсқаумен барлық балалар орындарынан тұрып тәрбиешінің соңынан жүреді. Серуен барысында балалар түрлі қозғалыс қимылын орындайды. Тәрбиешінің «Жаңбыр жауа бастады» деген нұсқауымен балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойынды қайталау барысында тәрбиеші балаларға білдірмей ойыншықтардың орнын ауыстырып, қояды. Балалар өз үйлерін тез, адаспай табуы керек.

«Жүгіріп қағып ал»

Ойын шарты: Балалар ойын алаңын да еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші «Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!» -деп допты лақтырады да, өзі қағып, алып, «Қаға алмадыңдар қайта жүгіріңдер» дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың қағып алуына мүмкіндік жасап, қойып жүреді. Қалған балалар соңына еріп жүреді.

«Құстың қауырсыны кімге барады?»

Ойын шарты: Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші құстың қауырсынын алып, үрлейді. Барлық бала-жан-жаққа қаша жүгіреді, ойын жалғасады.

 «Жалауға қарай жүгір»

Ойын шарты: балалар тәрбиешіге қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші қолындағы жалауды жоғары көтереді. Балалар тәрбиешінің қасына жиналады. Жалауды қайта түсіргенде балалар жан-жаққа тарап, кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанған соң , бір бала жалауын көтеріп, жүреді, басқа балалар соңынан еріп жүреді. Ойын басынан қайталана береді.

«Күн мен жаңбыр»

Ойын шарты: Балалар ашық алаңда еркін ойнап, жүреді, гүлтереді, көбелек қуады, секіреді, жүгіреді. Тәрбиеші “Жаңбыр жауды!” дегенде балалар пана іздеп үйшіктерге тығылады. Тәрбиеші «Күн шықты!» дегенде балалар қайта алаңға шығып ойындарын жалғастыра береді.

«Ұшақтар»

Ойын шарты: Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі ұшақ болып көрсетеді. Тәрбиеші «Ұшақтар ұшады» деген кезде барлық бала ұшақ болып, ұшады. «Ұшақтар қона бастады!» дегенде барлық бала өз орындарына келіп қона бастайды. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.

«Автобус»

Ойын шарты: Балалар қатарға бір-бірден тұрады. Тәрбиеші автобус жүргізуші. Қалғандары жолаушылар. Тәрбиеші дыбыс берген кезде автобус жылжи бастайды. Ең әуелі баяу кейін жылдамырақ жүреді. Балалар жүрісті баяулатады. Жүргізуші автобусты тоқтатады. Ойын тағы жалғасады.

Серуенді ұйымдастыруда төмендегідей жағдайларға көңіл бөлу:

1. Жер үлескісінде ойындар ұйымдастыруға жағдай жасау.

2. Серуенді балалардың денсаулығын нығайтудың ең маңызды құралы ретінде кеңінен қолдану

3. Балалардың киімі мен аяқ киімінің ауа-райына сай болуы;

4. Балаларға жекелей ықпал ету;

5. Балалардың қимыл қозғалысы әрекетін тыныш әрекетпен іскер реттеуге алу

6. Балалар өмірі мен денсаулығын қорғау техникалық қауіпсіздіктің талаптарын сақтау

7. Серуенді өткізу деңгейін көтеруде

8. Серуенге бөлінетін уақытты азайтуды болдырмау

9. Серуеннің құрылысын сақтау

10. Баланың үнемі бос болмауын ұйымдастыру қажет.