Мектепке дайындық
Қарым-қатынас дағдылары
Курс туралы
Мектепке дейінгі балаларға арналған онлайн-курстар ескірген кітаптар мен оқу құралдарына тамаша балама болады. Ойындар мен интерактивті тапсырмалар түріндегі видеосабақтар оқу процесін тиімді етеді және баланы жалықтырмайды.
Қарым-қатынас дағдыларын дамыту бойынша онлайн-сабақтар
Мектепке жасына дейінгі балаларды сабаққа дайындау оңай емес, ол – көп уақыт пен күш-жігерді талап ететін маңызды жұмыс. Бүлдіршіндерді онлайн-оқыту бағдарламасы – балаға қажет дағдыларды дамытатын қызықты сабақтар жинағы.
Қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған сабақтар блогы мына нәрселерді үйретеді:
- сөйлем құрауды;
- көз алдында болып жатқан нәрсені рет-ретімен сауатты айтып беруді;
- қарапайым диалог жүргізуді;
- күнделікті оқиғалардың хронологиясын сипаттауды.
Қарым-қатынас дағдыларын қашықтан оқыту баланы тең құрбыларымен қысылмай әңгімелесуге, мұғалімдерге дұрыс сұрақ қоюға және сыныпта да, мектептен тыс жерде де еркін сөйлесуге баулиды.
Тиімді қашықтан оқыту қызметі
Bilimkids.kz онлайн-білім беру балаларды бірінші сыныпқа қызықты әрі көңілді оқыту әдісімен даярлайтын тиімді онлайн-мектеп. Бала өз ойын нақты тұжырымдай алуы үшін негізгі қарым-қатынас дағдыларын меңгеруі және дамытуы керек.
Бұл жаттығулар блогы сөйлеу аппараты мен жүйелі ойлауды дамытуға бағытталған. Bilimkids-тегі онлайн-сабақтармен көңілді уақыт өткізіп, тиімді қарым-қатынас жасаңыз.