Мектепке дайындық
Математикалық дағдылар
Курс туралы
Математика бойынша онлайн-курстар балаңызға керек білімді ойнап отырып оңай меңгеруге көмектеседі. Қызықты әрі тиімді видеосабақтар қажет ақпаратты қабылдауға жеңіл болатын ойын түрінде жеткізеді.
Математикалық онлайн-сабақтар
Онлайн-оқыту – мектепке дайындаудың дәстүрлі әдістеріне тиімді балама. Онлайн-сабақтар мектепке дейінгі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып әзірленген, сондықтан балаларды қызықтырады, бірақ қинамайды.
Қызықты видеосабақтар баланы математикадағы негізігі ұғымдармен таныстырады:
- дене және кеңістікте бағдарлау;
- ұзындығы, биіктігі, ені;
- уақыт пен оның өтуі;
- қарапайым геометриялық фигуралар;
- 1-ден 10-ға дейін санау;
- ортақ белгілеріне қарай санаттарға бөлу.
Онлайн-оқытуда математикалық білімді дамыту өте маңызды. Өйткені арифметика мен геометрияның кіріспесін меңгеруден бөлек, баланың логикалық ойлау жүйесі де жетіледі.
Bilimkids – қазірдің өзінде болашақ мектебі
Bilimkids.kz порталы – өзінің қашықтан оқыту бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеген Қазақстандағы тиімді білім беру алаңы.
Математика блогы – баланы математикадағы негізгі ұғымдармен таныстыратын қызықты логикалық және математикалық тапсырмалар кешені. Bilimkids-тегі қашықтан оқыту – балалар мен ата-аналар үшін тиімді құрал.