Мектепке дайындық
Бағалау
Курс туралы
Онлайн-оқыту қызметі – баланы мектепке дайындауда ата-аналар үшін таптырмас көмекші. Ерекше тәсілдер мен қызықты видеосабақтар балаға ойнап отырып оңай оқуға мүмкіндік береді.
Баланың білімі мен дағдыларын бағалау
Қажетті жұмыс жүктемесі мен онлайн-білім беру курсындағы тақырыптарды таңдау – маңызды қадамның бірі. Өйткені баланың жаңа ақпаратты қаншалықты толық әрі тиімді меңгергені онлайн-курстардың күрделілігі мен құрылымына байланысты. Сондықтан біз онлайн-сабақтарды таңдар алдында баланың білімі мен дағдысын тексеруге ерекше мән бердік. Сондай-ақ оны сабақтан кейін де бағалауға болады, мұндайда оқу үдерісі қаншалықты қарқынды екені көрінеді.
Арнайы сұрақтар мен тапсырмалар баланың:
- сөйлеу және сөйлеуді дамыту дағдыларын;
- есту дағдыларын;
- қозғалыс дағдыларын;
- көру дағдыларын;
- кеңістікте бағдарлау дағдыларын;
- математикалық дағдыларын;
- эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларын бағалауға көмектеседі.
Мұндай тестілеу онлайн-оқытудың дәл сіздің балаңызға сай келетін ұтымды бағдарламасын таңдауға көмектеседі.
Bilimkids – қазіргі заманғы қашықтан оқыту мектебі
Bilimkids.kz – Қазақстанағы ең ірі онлайн-оқыту қызметі. Біздің педагогтарымыз тек қызықты сабақтарды ғана емес, сондай-ақ білімді әділ бағалау жүйесін әзірледі. Бұл тәсіл баланың әлсіз және мықты жақтарын анықтап, нақты бір тақырыпқа күш салуға, белгілі бір дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.