Инклюзивті курс
1-қадам
Курс туралы
Сапалы және толыққанды білім алуға әр баланың құқығы бар. Арнайы инклюзивті онлайн-курстарда көмекке мұқтаж балаларға айрықша көңіл бөлінеді.
Инклюзивті онлайн-оқыту
Айрықша көңіл бөлуге мұқтаж балаларға арналған онлайн-сабақтар қажет ақпаратты қызықтыра отырып тиімді жеткізуге бағытталған. Инклюзивті видеосабақтар курсы негізгі ұғымдарды ойын түрінде түсіндіреді.
Бірнеше сабақтан тұратын инклюзивті онлайн-білім беру блогы баланы мына ұғымдармен таныстырады:
- ойыншықтар;
- жануарлар;
- түстер;
- дене мүшелері;
- жиһаздар;
- киімдер;
- мектеп құралдары.
Бұл сабақтарда қандай да бір заттың негізгі қасиеттері балаға түсінікті, қарапайым әдіспен таныстырылады.
Bilimkids платформасындағы қашықтан білім беру
Bilimkids.kz онлайн-сервисі – Қазақстанағы барлық балаға ашық білім беру платформасы. Қашықтан оқыту бағдарламасына арнайы инклюзивті курс енгізілген.
Бұл блоктағы сабақтар оқыту барысында көбірек көңіл бөлуге мұқтаж балаларға арнап жасалған. Bilimkids – балалар мен ата-аналарға қолайлы оқыту жүйесі.