«Үздік OnlineBalabaqsha» байқауы жалғасуда!

image not available

«Үздік OnlineBalabaqsha» байқауы жалғасуда!

Байқау шартына сәйкес қатысушылар саны 100 мекемеден кем болса байқау мерзімі ұзартылады. Демек, 500 000 теңге жүлде қорын жеңіп алуға әлі де мүмкіндігіңіз бар!

Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында АКТ құралдарын қолдану сапасын және www.OnlineBalabaqsha.kz білім беру платформасы базасында мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру.

 
Өткізу мерзімі: 2021 ж. 24 ақпаннан бастап 30 сәуірге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 14.00 дейін)


Жүлде: 500 000 теңге және Жеңімпаздың дипломы.


Қатысу шарттары:

1. Мектепке дейінгі мекеменің, шағын орталықтың әкімшілігі Onlinebalabaqsha.kz платформасындағы кестені (бекітілген пән мұғалімдерімен бірге) тәрбиешілер мен балалардың (немесе ата-аналардың) аккаунттарының өзекті тізімін толтырылуы керек.
2. Қатысушы Instagram өзінің ресми парақшасында байқауға қатысатыны туралы пост жариялауы қажет. Пост мына мәліметті қамтуы керек:
      • 2.1 толық толтырылған сабақ кестесінің скриншоты немесе видеосы (бекітілген тәрбиешілерімен бірге) және аккаунттар тізімі (Т.А.Ә. көрсетпегені дұрыс, бар болғаны жеткілікті);
      • 2.2 пост сипаттамасында қатысушы жұмыс істейтін мекеме атауын, сол мекемеде офлайн және/немесе қашықтан оқыту қалай жүріп жатқаны туралы қысқаша ақпарат беріп, #BilimKids2021 хэштегін және @bilimkids.kz парақшасын белгілеу қажет;
      • 2.3 @bilimkids.kz Instagram парақшасын белгілеп оған жазылу, байқау жазбасының астына пікір қалдыру қажет. 
 3. Пост жариялаған парақша байқау кезеңі аралығында ашық және қолжетімді болуы керек.


 
Жеңімпаздарды анықтау:

      • Жеңімпаздар @bilimkids.kz. Instagram парақшасында байқау туралы пост астына пікір қалдырған байқау қатысушылары арасында кездейсоқ сандар Генераторы көмегімен анықталады.
      • OnlineBalabaqsha.kz платформасына қосылған мекеменің бірі байқау жеңімпазы атанады.
      • Жеңімпаз анықталғаннан кейін барлық шарттардың орындалғаны тексеріледі, егер байқау шарттары орындалмаған немесе толық орындалмаған жағдайда, байқауды ұйымдастырушылар жүлдені қайта ойната алады.        
      • Қатысушылар саны 100 мекемеден кем болса, байқау мерзімі ұзартылады.

 

Барлық қатысушыларға сәттілік!

 

 

Қатысу