«Үздік OnlineBalabaqsha» аталымын өткізу ережелері

image not available

«Үздік OnlineBalabaqsha» аталымын өткізу ережелері

Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында АКТ құралдарын қолдану сапасын және www.OnlineBalabaqsha.kz білім беру платформасы базасында мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру.

 
Өткізу мерзімі: 2021 ж. 24 ақпаннан бастап 30 наурызға дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 12.00 дейін)


Жүлде: 500 000 теңге және Жеңімпаздың дипломы.


Қатысу шарттары:

1. Мектепке дейінгі мекеменің, шағын орталықтың әкімшілігі Onlinebalabaqsha.kz платформасындағы кестені (бекітілген пән мұғалімдерімен бірге) тәрбиешілер мен балалардың (немесе ата-аналардың) аккаунттарының өзекті тізімін толтырылуы керек.
2. Қатысушы Instagram өзінің ресми парақшасында байқауға қатысатыны туралы пост жариялауы қажет. Пост мына мәліметті қамтуы керек:
      • 2.1 толық толтырылған сабақ кестесінің скриншоты немесе видеосы (бекітілген тәрбиешілерімен бірге) және аккаунттар тізімі (Т.А.Ә. көрсетпегені дұрыс, бар болғаны жеткілікті);
      • 2.2 пост сипаттамасында қатысушы жұмыс істейтін мекеме атауын, сол мекемеде офлайн және/немесе қашықтан оқыту қалай жүріп жатқаны туралы қысқаша ақпарат беріп, #BilimKids2021 хэштегін және @bilimkids.kz парақшасын белгілеу қажет;
      • 2.3 @bilimkids.kz Instagram парақшасын белгілеп оған жазылу, байқау жазбасының астына пікір қалдыру қажет. 
 3. Пост жариялаған парақша байқау кезеңі аралығында ашық және қолжетімді болуы керек.


 
Жеңімпаздарды анықтау:

      • Жеңімпаздар @bilimkids.kz. Instagram парақшасында байқау туралы пост астына пікір қалдырған байқау қатысушылары арасында кездейсоқ сандар Генераторы көмегімен анықталады.
      • OnlineBalabaqsha.kz платформасына қосылған мекеменің бірі байқау жеңімпазы атанады.
      • Жеңімпаз анықталғаннан кейін барлық шарттардың орындалғаны тексеріледі, егер байқау шарттары орындалмаған немесе толық орындалмаған жағдайда, байқауды ұйымдастырушылар жүлдені қайта ойната алады.        
      • Қатысушылар саны 100 мекемеден кем болса, байқау мерзімі ұзартылады.

 

Барлық қатысушыларға сәттілік!

 

 

Қатысу