«Үздік жаңашыл тәрбиеші» байқауын өткізу ережесі

image not available

«Үздік жаңашыл тәрбиеші» байқауын өткізу ережесі

Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалармен оқу қызметін ұйымдастыру (ҰОҚ) бойынша мектепке дейінгі білім беру саласы педагогтерінің тәжірибе алмасуы және оны тарату.


Байқауға қатысу тегін!

1. Байқауға қатысушылардың барлығы www.BilimKids.kz білім беру порталына жазылған болуы керек.
2. Байқауға қатысатын бір адамның жолдайтын байқау жұмыстарының санына шектеу қойылмайды, бірақ олардың ішінде ең көп «лүпіл» жинаған байқау жұмысының біреуі ғана марапатталады.
3. Байқауға авторлық жұмыстар ғана қабылданады, материалды орналастырған қатысушы плагиат үшін жауапкершілікте болады. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына қайшы келетін жұмыстар байқаудан шығарылады.

Өткізу мерзімі: 2021 ж. 24 ақпаннан бастап 30 наурызға дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 12.00 дейін)


Жүлде:

1-орын:
500 000 теңге және Жеңімпаздың дипломы

2-орын: 300 000 теңге және Жеңімпаздың дипломы

3-орын: 200 000 теңге және Жеңімпаздың дипломы


Байқауды ұйымдастыру: байқау жұмыстарын www.BilimKids.kz пайдаланушылары «лүпіл» батырмасын басу арқылы бағалайды.

 

Жүлде: ҰОҚ әзірлемесіне ең көп қойылған «лүпіл» санына қарай жеңімпаздар анықталып, ақшалай жүлделер және Жеңімпаз дипломдарымен марапатталады. Мазмұны жағынан бірегей және біздің ұжым әдіскерлері тарапынан ерекше деп танылған жұмыстары бар қатысушыларға электронды сертификаттар табыс етіледі.
 

Өткізу форматы:  www.BilimKids.kz платформасында онлайн түрде өткізіледі.

Байқауға қатысушы орындауы қажет:

1. Мектепке дейінгі мекеменің кез келген жастағы тобына пән бойынша ҰОҚ өз әзірлемесін құру (шағын орталық, мектепалды сыныбы).
2. Бұл жоспарға бойынша мына әрекеттерді орындау құпталады:
      • bilimkids.kz материалдары қолданылған ҰОҚ бейнематериалын түсіру;
      • әлеуметтік желілердегі өз парақшасында бейнематериалды жариялау;
      • ҰОҚ түсірілген бейнематериалына сілтемесін ҰОҚ әзірлемесіне бекітіп қоюға болады;
      • бұл ретте жазылған бейнематериал міндетті талап болып есептелмейді. 
3. bilimkids.kz платформасындағы ТӘРБИЕШІГЕ парақшасындағы САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ тарауына кіру және “Жоспарды қосу” батырмасын басып ҰОҚ әзірлемесін цифрлы форматқа көшіру.
4. Жариялау шарттарын қабылдау.
5. Сақтау батырмасын басу және одан кейін Жариялау.


Жеңімпаздарды анықтау:

1. Жеңімпаздар оларға қойылған «лүпіл» арқылы анықталады. Қаралым саны есепке алынбайды.
2. Тіркелген пайдаланушының кез келгені, оның ішінде bilimkids.kz жазылмағаны да жарияланған жұмыстарға «лүпіл» белгісін қоя алады.
3. Байқау жұмысы қай тілде жазылғанына қарамастан, оған барлық жұмыстар қатыстырылады.

 

Барлық қатысушыларға сәттілік!
 

 

Қатысу