«Жаңашыл мұғалім – 2020» қорытындысы

image not available

«Жаңашыл мұғалім – 2020» қорытындысы

2020 жылғы 19 желтоқсанда оқыту тәжірибесінде цифрлық ресурстарды қолданудың озық үлгілерін анықтауды мақсат еткен «Жаңашыл мұғалім – 2020» педагогтердің жыл сайынғы республикалық байқауы аяқталды. Байқау 5 жыл қатарынан екі кезеңмен өтіп, оқу жылының соңында қорытындысы шығарылып келді. Алайда биыл карантинге байланысты ұйымдастырушылар өтінімдерді қабылдау мен қорытындысын шығаруды күнтізбелік жылдың соңына қалдырды.


Байқауға қатысушылар өз жұмыстары – сабақтың видеоүзінділерінде онлайн оқыту жағдайындағы жоғары кәсіби деңгейі мен икемділігін, сондай-ақ АКТ-ны (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) қолданудағы шығармашылығын көрсетті.


Қашықтан оқыту жағдайында тағы бір аталым – «Онлайн-сабақтағы АКТ» аталымы енгізіліп, оның аясында педагогтер онлайн-конференциялар өткізуге арналған платформаларды қолдана отырып, сабақтарын синхронды форматта өткізді.
«Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауының жеңімпаздарын құрамына жетекші мамандар мен педагогика шеберлері, сондай-ақ байқаудың өткен жылдардағы жеңімпаздары мен 2019 – 2020 оқу жылының IV тоқсанындағы OnlineMektep жобасына қатысушылар кірген арнайы сараптама комиссияcы анықтады.


●       Джанбаева Мая Нурымовна, «Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша «Жаңашыл мұғалім – 2019» байқауының жеңімпазы.
●       Раш Шахерезада Мухтаровна, 2019 – 2020 оқу жылының IV тоқсанындағы OnlineMektep жобасына қатысушы.
●       Хитрук Елена Владимировна, 2019 – 2020 оқу жылының IV тоқсанындағы OnlineMektep жобасына қатысушы.
●       Бапанова Гулжан, 2019 – 2020 оқу жылының IV тоқсанындағы OnlineMektep жобасына қатысушы, BilimLand ресурсындағы Қазақ тілі жобасының бірлескен авторы.
●       Батыр Жәнібек, «Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша «Жаңашыл мұғалім – 2019» байқауының жеңімпазы, OnlineMektep жобасына қатысушы, физика пәні.
●       Сагиндыкова Асемгуль Сабыржановна, «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы бойынша «Жаңашыл мұғалім – 2019» байқауының жеңімпазы.
●       Шынтасова Гүлзат, «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы бойынша «Жаңашыл мұғалім – 2018» байқауының жеңімпазы.
●       Бектурганова Гульнар Канапияновна, Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 «Бәйтерек» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, БҒМ Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің НҚА-ларын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының сарапшысы (2017 – 2019), БҒМ Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламалары жөніндегі сарапшысы (2020 – 2021), ҚР БҒМ ұсынған оқу-әдістемелік құралдардың бірлескен авторы, «Арман ПВ» баспасы, 2018 ж.
●       Кошанова Ардак Дамировна, «Өрлеу» балабақшасы» ЖШС меңгерушісі, әдіскер, Step by Step технологиясын оқыту бойынша тренер, «Юный эколог», «Семинары в детском саду» оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуші.


Әділқазылар алқасы байқауқа келген жұмыстардың әдістемелік тұрғыдан мағыналы болуын, идеяның бірегейлігін, BilimLand оқу ресурстарын қолданудың өзектілігі мен тиімділігін, сондай-ақ жалпы безендірілуін бағалады. Педагогтің шеберлігі мен жаңа қашықтан оқыту жағдайында білім беру ресурстарын қолданудың ерекше тәсілдеріне жүгінуі, оқушылармен қарым-қатынас жасай алуы сарапшылардың ерекше назарында болды.


Әділқазылар алқасы мен байқауға қатысушылардың барлығына алғыс айта отырып, жеңімпаздарды жариялаймыз!


«Сабақтағы АКТ» аталымы
Жүлде: жеңімпаз дипломы және 500 000 теңге.
Кунарова Жанна Куспангалиевна, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Н.К. Крупский атындағы №14 мектеп-лицей» КММ, Қызылорда облысы, Арал қаласы. 


«Онлайн-сабақтағы АКТ» аталымы
Жанахметова Толкын Амангельдиновна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей» КММ,  Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы.
Жүлде: жеңімпаз дипломы және 500 000 теңге.


«Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы
Биыл осы аталымда шығармашыл әрі бірегей жұмыс көп болғандықтан, мәреге қатысушылар арасынан жеңімпаздарды айқындау сарапшылар комиссиясына оңайға тиген жоқ. Сондықтан жүлдені екі қатысушыға беру жайлы шешім қабылданды. 
Залгаринова Алмагуль Имангалиевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Өлеңті орта мектебі» КММ, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылы.
Жүлде: жеңімпаз дипломы және 250 000 теңге.
Серікбай Ерік Ниязбекұлы, информатика пәні мұғалімі, «Б. Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ, Қостанай облысы, Рудный қаласы. 
Жүлде: жеңімпаз дипломы және 250 000 теңге.


«Мектепке дейінгі білім берудегі АКТ» аталымы
Осы аталым бойынша сарапшылар комиссиясына мәреге қатысушылар арасынан жеңімпазды анықтау қиын болғандықтан, жүлдені екі қатысушыға беру туралы шешім қабылданды. 
Анна Янчук, тәрбиеші, «Ивушка бөбекжай-бақшасы»» КМҚК, Қостанай облысы, Лисаковск қаласы.
Жүлде: жеңімпаз дипломы және 250 000 теңге.
Токжигитова Аяужан Конысбаевна, тәрбиеші, «Ақылтай» балабақшасы ЖШС, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. 
Жүлде: жеңімпаз дипломы және 250 000 теңге.


Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін онлайн режимде өтеді.
Байқау шартына сай келетін видео жолдаған сайыскерлерге электронды Алғыс хаттар беріледі. Online Mektep платформасына тіркелген сайыскерлерге Алғыс хат автоматты түрде жеке кабинетте қолжетімді болады, ал қалған сайыскерлер 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін анкетада көрсетілген электронды поштасы арқылы алады.
Bilimland.kz сайтындағы және әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздағы жаңалықтарымыздан қағыс қалмаңыздар!
Байқау жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!


Барлығыңызға сарқылмас шығармашылық шабыт тілейміз! Жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!