«Үздік, жаңашыл тәрбиеші» байқауының қайта өткізілетіні туралы хабарлаймыз

image not available

«Үздік, жаңашыл тәрбиеші» байқауының қайта өткізілетіні туралы хабарлаймыз

Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалармен оқу қызметін ұйымдастыру (ОҚҰ) бойынша мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогтердің тәжірибе алмасуы және оны тарату.

Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру саласында, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптары мен шағын орталықтарда жұмыс істейтін тәрбиешілерді, әдіскерлерді, педагогтерді, пән мұғалімдері мен жас мамандарды байқауға қатысуға шақырамыз.
 

Байқауға қатысу тегін!

     1. Байқауға қатысушылардың барлығы  www.BilimKids.kz білім беру порталына жазылуға тиіс.
     2. Бір қатысушы байқауға жолдай алатын жұмыс саны шектелмейді, бірақ бұл ретте ең көп лайк жинаған бір жұмыс қана марапатталады.
     3. Байқауға авторлық жұмыстар ғана қабылданады, плагиат үшін материалды жариялаған қатысушы жауапты болады. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға қайшы келетін жұмыстар байқаудан алынып тасталады.
     4. 2021 жылғы 24 ақпан мен 30 наурыз аралығында «Үздік жаңашыл тәрбиеші» байқауына қатысқан қатысушы жаңа жұмыс жүктесе, осы Байқауға қатыса алады. Алдыңғы байқауға (24.02.2021 – 30.03.2021) жолданған байқау жұмыстары қатыстырылмайды.

Өткізу мерзімі: 2021 жылғы 30 сәуірден 30 мамырға дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 12.00-ге дейін)

Жүлде:
     1-орын: 500 000 теңге және Жеңімпаз дипломы
     2-орын: 300 000 теңге және Жеңімпаз дипломы
     3-орын: 200 000 теңге және Жеңімпаз дипломы


Байқауды ұйымдастыру: байқау жұмыстарын педагогтер мен www.BilimKids.kz сайтының пайдаланушылары лайк басу арқылы бағалайды.


Жүлде: жеңімпаздар ОҚҰ әзірлемесіне басылған ең көп лайк санымен анықталып, ақшалай жүлделермен және Жеңімпаз дипломдарымен марапатталады. Жұмыстары мазмұны жағынан бірегей болған және командамыздағы әдіскерлердің айрықша көзіне түскен қатысушыларға электронды сертификаттар табысталады.

Өткізу форматы:  www.BilimKids.kz. платформасында онлайн.

Байқауға қатысу үшін қатысушы мыналарды орындауы қажет:

1. Мектепке дейінгі мекеменің (шағын орталықтың, мектепалды даярлық сыныбының) кез келген жастағы тобына пән бойынша ОҚҰ әзірлемесін жасау.
2. Бұл әзірлеме бойынша мына әрекеттердің орындалуы құпталады:
     • bilimkids.kz материалдарын қолданып ОҚҰ видеосын түсіру;
     • видеоны өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында жариялау;
     • түсірілген ОҚҰ видеосының сілтемесін ОҚҰ әзірлемесіне қоса тіркеуге болады;
     • бұл ретте міндетті түрде видео түсіру талап етілмейді. 
3. bilimkids.kz платформасындағы ТӘРБИЕШІГЕ бетінің САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ бөліміне кіріп, «Жоспарды қосу» батырмасын басу арқылы ОҚҰ әзірлемесін цифрлық форматқа көшіру.
4. Жариялау шарттарын қабылдау.
5. Сақтау батырмасын және одан кейін Жариялау батырмасын басу.
 
Жеңімпаздарды анықтау:

     1. Жеңімпаздар лайк санымен анықталады. Қаралым саны есепке алынбайды.
     2. Жарияланған жұмысқа кез келген тіркелген пайдаланушы, оның ішінде bilimkids.kz сайтына жазылмаған қолданушы да лайк баса алады.  
     3. Қай тілде жазылғанына қарамастан, байқауға барлық жұмыс қатыстырылады;
     4. “Үздік, жаңашыл тәрбиеші” байқауы алғаш өткізілгенде (24.02.21-30.03.21) жеңімпаз атанған қатысушылар екінші мәрте жеңімпаз бола алмайды.

 

 

 

Қатысу