BILIMKIDS ДЕГЕН НЕ?

image not available

BILIMKIDS ДЕГЕН НЕ?

BilimKids жобасы – балабақша тәрбиешілеріне арнап төрт жас топтары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің дайын жоспарларын ұсынады.

Әр жас тобы 36 тақырып бойынша 200-ден астам оқу қызметінің дайын жоспарларын қамтиды. Оқу жылының 36 аптасында жаңа 36 тақырыпты игере аласыз!

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары 5 тармақтан тұрады:

  1. Оқу қызметінің мақсаты
  2. Сөздік жұмыс
  3. Әдіс-тәсілдер
  4. Құрал-жабдықтар
    1. Көрнекілік материалдар
    2. Үлестірмелі материалдар
  5. Оқу қызметінің барысы
    1. Кіріспе бөлім
    2. Негізгі бөлім
    3. Қорытынды

Сонымен қатар, сайтта берілген сабақ жоспарлары ата-аналарға балаларды оқытудағы көмекші әдістемелік құрал ретінде, мектепке дейінгі жастағы балаға білім беріу, тәрбиелеу және оқыту процесстерінің түрлерін анықтауы мен айқындауына бағытталған.

Дайын оқу-әдістемелік кешенде көрнекілік мультфильмдер ретінде берілген қазақ тіліндегі музыкалық бейнебаяндар Қазақстан қоғамындағы үштілдік ортаның арасында, қазақ тілінің ұлттық мәртебесі мен қолданыс аясын арттыру мақсатында берілген.
BilimKids жобасы аясында ұсынылатын интернет-ресурсы келесі тармақтарды қамтиды:

  • әлем және қазақ қоғамының ғылым қайраткерлерінің ғылыми мақаларын келісілген уақыт кестесіне сәйкес жариялау;  
  • мектепке дейінгі балаларға білім беру саясатына байланысты болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар жайлы мақала жариялау;
  • авторлық мақалалар жариялау;
  • әдіскерлер және тәрбиешілер әдістемелік кеңес алатын, педагогика, психология бойнша “сұрақ-жауап” ретінде онлайн хабар алмасу жүретін, кері байланыс парақшасы.

Талқыланатын мәселелер тақырыбына және мағынасына сәйкес келесі тармақтарға бөлінеді: “Шағымдар мен ұсыныстар кітапшасы”; “Педагогикалық кеңістікті ұйымдастыру бойынша сұрақтар”; “Отбасы ішіндегі тәрбие жайында сұрақтар” және т.б.

 

BilimKids порталына жазылым арқылы жеке және заңды тұлғалар түрлі көкейтесті мәселелер бойынша оқыту, дамыту, ойын-сауық материалдарына қол жеткізе алады. Барлық материалдар тәрбиелік, этнопедагогикалық, психо-физиологиялық ғылыми негізге және дидактика қағидаларына сай.